HUAWEI MateBook D 15 2021

Для получения наилучшего пользовательского опыта, пожалуйста, загрузите последнюю версию Internet Explorer или откройте страницу в другом браузере.
HUAWEI MateBook D 15 2021 KV
HUAWEI MateBook D 15 2021 KV

Мүмкіндіктің
шегінде

HUAWEI MateBook D 15 бірге жаңа визуалды тәжірибені сынап көріңіз. HUAWEI FullView1 15,6 дюймдік және жақтар арақатынасы 16:9 жақтаусыз IPS экраны сіздің визуалды шекараңызды кеңейтеді, ал Full HD 1920 × 1080 пиксель жоғары ажыратымдылығы әр кескінді егжей-тегжейлі және айқын етеді. Мүмкіндіктің шектерін кеңейтіңіз.2

HUAWEI MateBook D 15 2021 Screen to Body Ratio
HUAWEI MateBook D 15 2021 Screen to Body Ratio
HUAWEI MateBook D 15 2021 Screen to Body Ratio
HUAWEI MateBook D 15 2021 Screen to Body Ratio
7 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 1 2 3 4 5 6 7
%
HHUAWEI MateBook D 15 2021 Display
HUAWEI MateBook D 15 2021 Display

Сіздің көздеріңізге қамқорлықпен

Енді шаршаусыз! MateBook D 15 көгілдір жарықтан және жыпылықтаудан3 TÜV Rheinland қорғау сертификатына ие және компьютерде ыңғайлы жұмыс жасау арқылы көздің шаршауын азайтуға мүмкіндік береді. Көру қабілетіңізді сақтаңыз және шаршау туралы ұмытыңыз.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Display

Жақтаусыз

Жақтауға қарау ешкімге ұнамайды, солай ма? Сондықтан HUAWEI MateBook D 15 қалыңдығы небәрі 5,3 мм үш жағынан өте тар жақтаулармен жабдықталған. Үлкен экран — үлкен мүмкіндіктер.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Display
HUAWEI MateBook D 15 2021 ID Design​
HUAWEI MateBook D 15 2021 ID Design

Жеңіл,

бірақ сенімді

HUAWEI MateBook D 15 — корпустың қалыңдығы небәрі 16,9 мм және салмағы 1,53 кг болатын ерекше дизайнына ие таңғажайып портативті құрылғы. Шамалы салмағы мен қалыңдығына қарамастан ноутбуктің стильді тегіс корпусы өте берік және тозуға төзімді.4

HUAWEI MateBook D 15 2021 CPU HUAWEI MateBook D 15 2021 CPU HUAWEI MateBook D 15 2021 CPU

Таңғаларлық өнімділік!

Деректерді өңдеуге келетін болсақ, жылдамдық негізгі фактор болып табылады. 11-ші буынды Intel® Core™ процессоры13 барлық процестерді жылдамдатып аз күтіп, көбірек істеуге мүмкіндік береді. HD бейне? Оңайдың оңайы! Intel® Iris® Xe бейнекартасының14 арқасында кез келген кескін жарқын және тартымды көрінеді және графикалық өңдеу тиімділігі кез келген адамды таң қалдырады.

HUAWEI MateBook D 15 2021 CPU

Үнсіз
салқындату жүйесі

Айналаның бәрі тыныштыққа бөленген түнде жұмыс істесеңіз де, желдеткіштің тітіркендіргіш шуы сізді алаңдатпайды. 0,2 мм ультра жұқа қалақшалары бар HUAWEI Shark fin желдеткіші ешқандай шу шығармай салқындату тиімділігін 24%5 жақсартады.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Fan

6-шы буын
уақыты келді

Деректерді беру жылдамдығын алдыңғы буын желілерінен 2,7 есе жылдамдату үшін Wi-Fi 6 пайдаланушыларына қосылыңыз. Сіз файлдарды ақылға сыймайтын 2,4 Гбит/с жылдамдықпен жүктей аласыз! Дәл қазір жылдам интернетпен болашаққа қадам жасаңыз.6

HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6 HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6 HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6
HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6
HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6 HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6 HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6
HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6
HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6

Wi-Fi 5

867 Мбит/с

Wi-Fi 6

2 400 Мбит/с (2,4 Гбит/с)

HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6

Одан да жоғары жылдамдық

HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6

Одан да кең бүркеме

HUAWEI MateBook D 15 2021 Wi-Fi 6

Одан да тұрақты сигнал

Huawei Share «Мультискрин» функциясы

Huawei Share7 "Мультискрин" функциясы құрылғылар арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Экранды бірден MateBook-те көрсету үшін смартфонды тачпадқа жақындатыңыз.

Портативті зарядтау
құрылғысы

Барлық энергия сіздің қалтаңызда. HUAWEI MateBook D 15 үшін 65 Вт USB-C зарядтау құрылғысы қалтаңызға сыятындай соншалықты жеңіл және ықшам, сонымен бірге 15 минуттық зарядтағаннан кейін MateBook 2 сағат бойы жұмыс істей алатындай соншалықты қуаттай8. Жеткізілім жиынтығына кіретін USB-C стандартты кабелі HUAWEI смартфоны үшін жылдам деректерді беруді және SuperCharge9 жылдам зарядтау технологиясын қолдауды қамтамасыз етеді.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Charger

Құлақтарыңызға арналған ләззат

HUAWEI MateBook D 15 дыбыс мәселелерінде ойын ережелерін толығымен өзгертеді. Ноутбук сізді тұтастай бүркеп алатын мінсіз таза көлемді дыбысты қамтамасыз ететін бірегей алгоритмдермен жабдықталған. Бұл жай ғана ноутбуктің дыбысы емес, бұл MateBook дыбысы.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers
HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers
HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers HUAWEI MateBook D 15 2021 Speakers

Бір рет түрту — бәріне қол жеткізу

Сіздің саусағыңыз — HUAWEI MateBook D 15-ке толық қол жеткізудің кілті. Пернетақтаның жоғарғы оң жағында орналасқан кірістірілген саусақ ізі сканері бар қуат батырмасын басыңыз, сол кезде сіз ноутбукты бір уақытта қосып, жүйеде авторизациядан өтесіз. Бұл іске қосудың жылдам әрі қауіпсіз әдісі.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Fingerprint Power
                ​ HUAWEI MateBook D 15 2021 Fingerprint Power
                ​ HUAWEI MateBook D 15 2021 Fingerprint Power
                ​ HUAWEI MateBook D 15 2021 Fingerprint Power
                ​

Порттардың алуандығы

HUAWEI MateBook D 15 сізге қажеттінің бәрі және одан да көбі бар.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Ports

USB 2.0

USB 2.0

Микрофон мен
құлаққапқа арналған
3,5 мм ағытпа

HDMI

USB 3.2 Gen 1

USB-C10
(өшірулі күйде кері зарядтауды қолдау11)

Жад

512 ГБ-тық SSD PCIe жинақтағышының үлкен көлемі арқасында15 барлық фотосуреттеріңізге, бейнелеріңізге және құжаттарыңызға жеткілікті орын қамтамасыз ете отырып, ең жоғары жылдамдықпен оқу мен жазуды жүзеге асырады.16 ГБ жедел жады кейбір тапсырмалардан екіншісіне ауысу кезінде барлық маңызды деректерді сақтау үшін деректерді беру тиімділігін арттыруға көмектеседі.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Storage and Memory

Суырмалы веб-камера

Тек басқан кезде ғана суырылады. Сіздің құпиялылығыңыз қорғалған.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Camera

Турбо жылдамдықтар:
Fn + P

Fn + Р пернелер тіркесімі кәсіби бағдарламалар арқылы ойындар немесе бейнелерді өңдеу кезінде тиімдірек жұмыс істеуге ықпал ететін Өнімділік режимі12 мен қуат деңгейін мұқият бақылайтын және желдеткіштердің шуын азайтатын Стандартты режим арасында ауысуға мүмкіндік береді. *Windows 10 жапсырмасы бар пернетақтаның суреті анықтама үшін берілген. Нақты құрылғыда Windows 11 ОЖ орнатылады. Сипаттамаларды оқыңыз.

HUAWEI MateBook D 15 2021 Keyboard

Сапа кепілдігі

Барлық HUAWEI MateBook D 15 ноутбуктары сапа стандарттарына сәйкес келу үшін қатаң сынақтардан өтеді, сондықтан сіздің құрылғыңыз кез келген тапсырманы орындауға дайын екеніне сенімді бола аласыз.

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Жоғары ылғалдылық пен жоғары температура жағдайында сынау
    (40℃, 90% салыстырмалы ылғалдылық )

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    USB-C портының тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Саусақ ізі сканері бар қуат батырмасын тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Пернетақтаны тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Айналмалы топсаның тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Тачпадты тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Жоғары ылғалдылық пен жоғары температура жағдайында сынау
    (40℃, 90% салыстырмалы ылғалдылық )

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    USB-C портының тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Пернетақтаны тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Айналмалы топсаның тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Саусақ ізі сканері бар қуат батырмасын тозуға төзімділігін сынау

  • HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test

    Тачпадты тозуға төзімділігін сынау

HUAWEI MateBook D 15 2021 Quality Test
  1. Жақтаусыз экран (FullView Display) — бұл негізінен HUAWEI құрылғыларының экрандарын үлкен пайдалы аумақпен және тар жақтаулармен сипаттау үшін қолданылатын термин.
  2. Барлық берілген деректер типтік мәндер болып табылады.
  3. Көк жарықтан қорғау сертификатының болуы ноутбуктің көру қабілетін қорғау режимі қосылған кезде сынақтан өткенін білдіреді. Экран TÜV Rheinland көруді қорғау стандартының талаптарына сәйкес келеді (тестілеу түс температурасын реттеуді болдырмайды). Көк жарықты сүзудің нақты әсерлері толқын ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін. HUAWEI MateBook D 15 бұл медициналық құрылғы болып табылмайды және көруді қорғау режимі медициналық мақсатта және емдеу әдісі ретінде қолдануға арналмаған.
  4. Қалыңдығын өлшеу кезінде ноутбуктың тіректері ескерілмеді. Құрылғының нақты қалыңдығы мен салмағы конфигурация ерекшеліктеріне, өндіріс процесіне және өлшеу әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін.
  5. Деректер HUAWEI зертханасынан HUAWEI MateBook D 15 (11-ші буынды Intel® Core™ процессорымен) салқындату әсерін оның алдынғы модель деректерімен салыстыру нәтижесінде алынған.
  6. Деректер Intel компаниясынан алынған. 2,4 Гбит/с —теориялық максималды жылдамдық. Wi-Fi 6 стандартын HUAWEI MateBook D 15 (11-ші буынды Intel® Core™ процессорымен) қолдайды. HUAWEI MateBook D 15 ноутбугы (10-шы буынды Intel® Core™ процессоры бар) Wi-Fi 5 стандартын қолдайды.
  7. Huawei Share тек PC Manager 11.0 және одан жоғары және орнатылған драйверлері бар HUAWEI MateBook ноутбуктерінде және EMUI 11.0 және одан жоғары және NFC қолдауы бар HUAWEI смартфондарында қолдау көрсетіледі. Смартфонның жұмыс экраны бар терезеден басқа, сіз қосымшалары бар екі қосымша терезені аша аласыз. Huawei Share технологиясының мүмкіндіктері және үйлесімді құрылғылар мен қосымшалар туралы қосымша ақпарат алу үшін Huawei клиенттеріне қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  8. Деректер HUAWEI зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Батареяның жұмыс уақытын сынау кезінде экранның жарықтығы 150 нитке орнатылды. Батареяның қызмет ету мерзімі құрылғыны пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайларына байланысты. Түпнұсқа 65 Вт зарядтау құрылғысы ноутбукты 15 минут бойы ұйқы режимінде зарядтау үшін пайдаланылды, бастапқы заряд деңгейі 1% құрады. Нақты пайдалану құрылғыға, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
  9. 65 Вт зарядтау құрылғысы HUAWEI P40 Pro, HUAWEI P40, HUAWEI Mate Xs, HUAWEI Mate 30 Pro және HUAWEI Mate 30 және т. б. модельдерінде SuperCharge™ технологиясын қолдайды. Толық және жаңартылған модельдер тізімі үшін Huawei клиенттерге қызмет көрсету орталығына (6530) хабарласыңыз. 65 Вт зарядтау құрылғысы әртүрлі шығыс стандарттарын қолдайды, соның ішінде 5В 2A, 9В 2A, 12В 2A, 15В 3А және 20В 3, 25А. Шығыстағы нақты қуат құрылғының қаншалықты зарядталғанына байланысты өзгереді.
  10. USB-C көпфункционалды портын зарядаау және деректерді беру үшін пайдалануға болады.
  11. Өшірілген MateBook D 15 ноутбугы HUAWEI Mate 40, P40 немесе P30 сериялы смартфондарды зарядтай алады. Зарядтаудың оңтайлы жұмысы үшін ноутбукпен бірге жеткізілім жиынтығына кіретін түпнұсқа қуат адаптері мен USB-C кабелін пайдаланыңыз. Кері зарядтаудың жұмыс шарттары: өшірмес бұрын MateBook батареясының деңгейі кем дегенде 10% болуы және смартфон қосулы болуы керек.
  12. Турбо режимі әдепкілік бойынша өшірулі. Режимді пайдалану кезінде ноутбук қуат көзіне қосылуы керек. Өнімділік режимін қосу орталық процессор мен графикалық картаның өнімділігін бірден арттырады, бұл желдеткіш шуының жоғарылауына және құрылғының температурасының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Режимді тек қажет болған жағдайда ғана пайдалану ұсынылады. HUAWEI MateBook D 15 (11-ші буынды Intel® Core™ процессорымен) қолдайды.
  13. HUAWEI MateBook D 15 10-шы буынды Intel® Core™ процессорымен қол жетімді.
  14. HUAWEI MateBook D 15 Intel® UHD бейне картасымен қол жетімді.
  15. HUAWEI MateBook D 15 256 ГБ жиынтықтауында қол жетімді.
  16. HUAWEI MateBook D 15 8 ГБ жиынтықтауында қол жетімді.
  17. Huawei белгілі бір компоненттердің бірнеше жеткізушілерімен өзара әрекеттеседі. Барлық компоненттер Huawei стандарттарына сәйкес келеді. Жергілікті нарықтардағы нақты өнімдер артықшылыққа ие болуы керек.
Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Қайту Жалғастыру