HUAWEI nova 12s

Для получения наилучшего пользовательского опыта, пожалуйста, загрузите последнюю версию Internet Explorer или откройте страницу в другом браузере.
HUAWEI nova 12s

Таңғажайып селфи, Ультражіңішке корпус

HUAWEI nova 12s
  • HUAWEI nova 12s product highlights

    6,88 мм1 Ультражіңішке
    корпус

    HUAWEI nova 12s product highlights
  • HUAWEI nova 12s product highlights
    60 МП

    ультра кең бұрышты
    алдыңғы камера

    HUAWEI nova 12s product highlights
  • HUAWEI nova 12s product highlights

    Бірге көңілдірек

    HUAWEI nova 12s product highlights
  • HUAWEI nova 12s product highlights

    HUAWEI SuperCharge
    Turbo 2.0 66 Вт2 жылдам зарядтау

    HUAWEI nova 12s product highlights
  • HUAWEI nova 12s product highlights
    50 MP

    Ультракамера
    50 МП3

    HUAWEI nova 12s product highlights
  • HUAWEI nova 12s product highlights

    120 Гц жаңарту жиілігімен
    6,7 дюймдік
    OLED экраны4

    HUAWEI nova 12s product highlights
HUAWEI nova 12s deisign
Дизайнмен
шабыттану

Жаңа әлемге терезе сіздің қолыңызда

Дөңгеленген корпус бұрыштары мен 6,7⁠-⁠дюймдік4 жалпақ экран смартфонды шынымен ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. Құрылғыға әр жанасудан ләззат алыңыз!

Жіңішке1 небәрі

6,88 мм

Жеңіл5 небәрі

168 г

HUAWEI nova 12s slim design

Көзді қуантатын
түстер

Жаңа модель 2 классикалық түсте қол жетімді.
HUAWEI nova 12s colour
HUAWEI nova 12s colour
Көк
Қара

Жарқыраңыз және жарқылдаңыз

Камераның жұлдызды орбиталық сақинасы керемет қол сағаттарының циферблаты сияқты жарқырап, жалтырайды. HUAWEI nova 12s смартфоны сіздің келбетіңізге керемет толықтыруға айналады.
HUAWEI nova 12s star orbit ring

Үлкен жарқын экран

Тегіс, икемді OLED экраны жасанды интеллектке негізделген HDR режимінде контенттің керемет бейнеленуін қамтамасыз етеді. Шынайы түс жіберу және экранның жоғары контрастылығы сізді жай ғана баурап алады.
HUAWEI nova 12s display
HUAWEI nova 12s deisign
Селфи
шабыты
HUAWEI nova 12s front camera

60 МП ультра кең
бұрышты алдыңғы
камера

  • ▪ 4K ажыратымдылығында бейне жазу9
  • ▪ Ультра кең бұрышты түсірілім 100°10
HUAWEI nova 12s front camera
HUAWEI nova 12s front camera samples

Теңдессіз селфи, таңдаулы кейіпіңіз

60 МП жоғары ажыратымдылықтағы алдыңғы камера әр портреттік кескінді сіздің мінезіңіз бен кейпіңіздің ұсақ бөлшектерін жеткізетін нағыз шедеврге айналдырады.
HUAWEI nova 12s front camera samples

Жаңа деңгейдегі топтық селфи

100°10 ультра кең бұрышты түсірілім — топтық селфи түсірілімнің таптырмас құралы. Енді, тіпті шулы кеште де, қатысушылардың бәрі кадрға сыйып кетеді.
HUAWEI nova 12s front camera samples

Айналаны шынайы түрде бұлыңғырлау

Түсірілім нысанын композицияның ортасына орналастыратын және оған барлық назарды аударатын фондық бұлыңғырлық функциясын пайдаланып кәсіби фотосуреттер жасаңыз.
HUAWEI nova 12s rear camera

50 МП ультракамера

  • 50 МП
    ультраобъектив

    Дәл фокустау үшін төрт фазалы тану

  • 8 МП ультра кең бұрышты макрообъектив

    2 см қашықтықта макротүсірілім11

  • Автофокусқа арналған лазерлік датчик

    Лездік динамикалық фокустау

  • 10 арналы түс температура датчигі

    Шынайы түс жіберу

HUAWEI nova 12s rear camera
HUAWEI nova 12s rear camera samples

Табиғи сұлулық және боке әсері

Фототүсірілім кезінде бұлыңғыр әсерді қолдану арқылы сұлулығыңызды арттырыңыз.
HUAWEI nova 12s rear camera samples

Түнде де жоғары сапалы фотосуреттер

Әлсіз жарықтандыру жағдайында фототүсірілімнің жаңа мүмкіндіктері — ешқашан ұйықтамайтын қаланың барлық сұлулығын түсіріп алыңыз.

Әрбір суреттегі шабыт

Әрбір кескін жаңа бөлшектерді, текстураларды және перспективаларды бейнелейді. Енді сізге үздік кадрды таңдау қиынға соғады, өйткені олардың барлығын шынымен жасампаз деп санауға болады.
HUAWEI nova 12s micro shot

Микроәлем ғажайыптарын ашыңыз

Бұл әлемнің ұсақ-түйектерін бейнелей отырып, оның сұлулығы мен бірегейлігіне тағы бір рет көз жеткізіңіз.
HUAWEI nova 12s wide angle shot

Әр түрлі көзқарастар

Нағыз фотосурет маманы атаныңыз, кадрларыңызда өмірдің шынайы тынысын сезіну үшін түсірілімнің әртүрлі бұрыштарын пайдаланыңыз.
HUAWEI nova 12s snap shot

Жаңа естеліктер жасаңыз

Өміріңіздің баға жетпес сәттері nova 12s камерасының арқасында сізбен бірге болады.
HUAWEI nova 12s HD shot

Айналадағы еліктірер әлем

UHD режимінің жарқын табиғи түстері әлемнің барлық сұлулығын бейнелейді.
  • Макро
    түсірілім
  • Кең бұрышты түсірілім
  • Лездік
    түсірілім
  • HD
HUAWEI nova 12s deisign
Тәжірибеден
шабыттану

Жылдам зарядтау,
ұзақ жұмыс

HUAWEI SuperCharge Turbo 2.0 66 Вт⁠2 жылдам зарядтауымен және қуатты 4500 мА*сағ⁠12 батареямен бірнеше минуттық зарядтау ұзақ уақытқа жетеді.
HUAWEI nova 12s fast charging

62%-ға дейін

зарядтау үшін 15 минут13

30 минут

ішінде 100%14 -ға
дейін зарядтаңыз
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system
HUAWEI nova 12s stereo dual speaker system

Шынайы дыбыстау

Көлемді шынайы дыбыстауға екі симметриялы орналастырылған динамиктер жүйесі арқылы қол жеткізіледі. Ойын ойнаңыз, бейне көріңіз, керемет дыбыстар әлеміне еніп, музыка тыңдаңыз.

Геймерлердің
үздік досы

Nova қолданатын жаңа ойын қозғалтқышы ойын кезінде минималды кідірісті қамтамасыз етеді.
HUAWEI nova 12s gaming engine
HUAWEI nova 12s gaming engine
Процессор ресурстарын интеллектуалды бөлу
HUAWEI nova 12s gaming engine
Кадр
жиілігін интеллектуалды оңтайландыру
HUAWEI nova 12s gaming engine
Графикалық процессордың интеллектуалды үдеуі
HUAWEI nova 12s gaming engine

Ықшамды құрылғы, түбегейлі өзгерістер

HUAWEI nova 12s Immersive Weather
HUAWEI nova 12s Emoji
HUAWEI nova 12s Immersive Weather
HUAWEI nova 12s Immersive Weather
HUAWEI nova 12s Live view
HUAWEI nova 12s SuperHub
  • Эмодзи

    Көңіл-күйіңізді көрсету үшін сүйікті эмодзилеріңізбен жекелендірілген басты бет көрінісін жасаңыз.
  • Иммерсивті ауа райы

    Гравитация датчигінің қолдауымен жұмыс істейтін ауа райы туралы мәліметтері бар интерактивті басты бет көрінісі, ауа-райы болжамына және смартфонды ұстап тұрған бұрышқа байланысты нақты уақыт режимінде өзгереді. Бұл ақпаратты алу ешқашан соншалықты ыңғайлы және қызықты болған емес.
  • Интерактивті көрініс15

    Екі дисплей форматы арасында жылдам ауысуға мүмкіндік беретін "Интерактивті көрініс" функциясымен нақты уақыт режимінде қызмет көрсетуді қадағалаңыз.
  • SuperHub 2.016

    SuperHub 2.0 жаңа нұсқасында ұсынылған оңтайландырылған SuperHub функциясы материалдар мен файлдарды сүйреп апаруға, оларды бір құрылғыдан екіншісіне тасымалдауға және топтарға оңай реттеуге мүмкіндік береді.

Сіздің құпиялылығыңыз біз үшін әрдайым бірінші орында

Құпиялылық орталығы

Енді қосымшалар сіздің дербес деректеріңізге қаншалықты жиі қол жеткізетінін оңай біле аласыз. Бұл мәліметтер өте ыңғайлы форматта көрсетілген, бұл жүйелік деңгейдегі қауіпсіздік тексерулері арқылы ықтимал қауіптерге тиімді жауап беруге көмектеседі.
HUAWEI nova 12s privacy

Қауіпсіздік орталығы

Құрылғыны қорғау функциясы қосылған кезде, құрылғы деректерді бұзу қаупін жою үшін жүйені қауіпсіздік қатерлеріне, вирустарға және зиянкестік бағдарламаларға автоматты түрде сканерлейді. Сіздің деректеріңіз сенімді қорғалған екеніне сенімді бола аласыз.
HUAWEI nova 12s privacy
  1. Деректер Huawei зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Қалыңдығы дегеніміз-камера модулін қоспағанда, корпустың қалыңдығы. Құрылғының нақты өлшемі конфигурацияға, өндіріс процесіне және өлшеу әдісіне байланысты. Құрылғының нақты өлшемдері әртүрлі болуы мүмкін.
  2. 66 Вт сымды зарядтаудың максималды қуаты Huawei SuperCharge Turbo режимі қосылған кезде және арнайы HUAWEI SuperCharge 66 Вт кабелі мен қуат адаптерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Нақты зарядтау қуаты әртүрлі болуы мүмкін.
  3. 50 МП ультра сезімтал негізгі камера жүйесі 50 МП ультра сезімтал негізгі объективті және 8 МП ультра кең бұрышты макрообъективты қамтиды.
  4. 6,7 дюйм — бұл стандартты тіктөртбұрыштың диагоналі бойынша өлшенетін экранның қарама-қарсы бұрыштары арасындағы қашықтық. Экранның нақты ауданы дөңгелектелген бұрыштары бар дизайн ерекшеліктеріне байланысты көрсетілгеннен кем болуы мүмкін. Экранды жаңартудың максималды 120 Гц жиілігін қолдау.
  5. Құрылғының нақты салмағы конфигурацияға, өндіріс процесіне және өлшеу әдісіне байланысты.
  6. Деректер Huawei зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Мән экранның көрінетін аймағының ауданы мен экран өлшемінің арақатынасы арқылы есептеледі. Нақты құрылғы ерекшеленуі мүмкін.
  7. HUAWEI nova 12s экранының жаңарту жиілігі ең көбі 120 Гц құрайды. Экранды жаңарту жиілігі 120 Гц пен 60 Гц арасында ауысу арқылы өзгеруі мүмкін. Экранды жаңарту жиілігі қолданылатын қосымшаға немесе ойынға байланысты өзгеруі мүмкін.
  8. 1440 Гц ШИМ-күңгірттеу технологиясы күңгірт жарық кезінде жұмыс істейді. Бұл функцияны қолдау нақты құрылғыға байланысты.
  9. Пикселдер саны түсірілім режимі мен параметрлеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Әдепкілік бойынша 1080p ажыратымдылығы бапталған. 4K пішімінді түсірілім үшін бейне ажыратымдылығының параметрлерін өзгерту қажет.
  10. 100° — бұл объектив параметрлері. Бұрмалануды түзеткеннен кейін кең бұрыш коэффициенті 100°-тан сәл төмен болады.
  11. Ең аз фокустық қашықтық - 2 см құрайды.
  12. 4500 мА*сағ - бұл типтік мән. Батареяның номиналды сыйымдылығы — 4400 мА*сағ.
  13. Деректер Huawei зертханасынан алынған. Сынақтар 25 ± 1°C температурада және 45%-80% салыстырмалы ылғалдылықта жүргізілді. Сынақ барысында түпнұсқа HUAWEI SuperCharge зарядтау кабелі мен қуат адаптері пайдаланылды, Turboрежимі қосулы, смартфон экраны өшірулі болды. Бұл жағдайда смартфон 15 минут ішінде 3%-дан 62%-ға дейін зарядталды. (Зарядтау кезінде смартфонның температурасы сәл көтерілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай). Нақты зарядтау уақыты құрылғыға, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
  14. Деректер Huawei зертханасынан алынған. Сынақтар 25 ± 1°C температурада және 45%-80% салыстырмалы ылғалдылықта жүргізілді. Сынақ барысында түпнұсқа HUAWEI SuperCharge зарядтау кабелі мен қуат адаптері пайдаланылды, Turboрежимі қосулы, смартфон экраны өшірулі болды. Бұл жағдайда смартфон 30 минут ішінде 3%-дан 100%-ға дейін зарядталды. (Зарядтау кезінде смартфонның температурасы сәл көтерілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай). Нақты зарядтау уақыты құрылғыға, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
  15. Бұл функция тек кейбір қосмшаларда қол жетімді. Функциялар мен мүмкіндіктерді пайдаланудың нақты тәжірибесі ерекшеленуі мүмкін.
  16. SuperHub тек белгілі бір қосымшалар мен сценарийлерде қолдау көрсетеді. Бұл функцияға қол жеткізу үшін бір HUAWEI аккаунтына кіріп, барлық құрылғылардағы бір Wi-Fi кіру нүктесіне қосылу, сондай-ақ барлық құрылғыларда Bluetooth қосу қажет. Қосымша ақпарат алу үшін Huawei клиенттеріне қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  17. Құрылғының түсі, пішіні, интерфейсі және функциялары анықтама үшін берілген. Нақты өнім әртүрлі ерекшеленуі мүмкін.
Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Қайту Жалғастыру