HUAWEI FreeClip 2 S

HUAWEI FreeClip 2 S
HUAWEI FreeClip 2 S

Қозғалыс еркіндігі, дыбыс тазалығы

HUAWEI FreeClip 2 S

Жеңіл C-тәрізді құрылым

Ақылды дыбыс деңгейін реттеу1

Қоңыраулар кезінде таза дыбыс2

Жарқыраған жабыны бар қаптама

Әр түрлі операциялық жүйелері бар құрылғыларға қосылу

Шексіз аудио кеңістіктігі3

Дизайн

Жарқын жылтыр,
таза дыбыс

Сіздің қолыңызда жарқырайды. 100-ден астам жоғары технологиялық өңдеу⁠4 процестері күн сәулесінде жарқыраған судың жарық әсерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Кербез пішіндердің үйлесімі, інжу-маржанның нәзік жарқылы мен теңдессіз талғампаздықтың жарасымы.

Асыл қазына сандығын ашыңыз. Асыл бұйымдар сақталатын қазына сандығындай жұмыр қаптама талғампаздық пен сән-салтанаттың шынайы көрінісін айқындайды. Қаптаманы ашып, оның 20% кеңейтілген ішкі кеңістігінде ыңғайлы орналасқан кафф-құлаққаптарының көз тартар жарқылына тәнті болыңыз.⁠5

Көз тартарлық дизайн. Сұйық силиконнан жасалған, 25% жұмсақтау C-тәрізді құрылымының арқасында6 құлаққаптар ерекше жайлылық сыйлайды, ал мұқият ойластырылған 50 сатылы қабатын өңдеу технологиясы оларға көз тартар жарқыл мен мінсіз әрлеу береді.

Сіздің қолыңызда жарқырайды. 100-ден астам жоғары технологиялық өңдеу⁠4 процестері күн сәулесінде жарқыраған судың жарық әсерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Кербез пішіндердің үйлесімі, інжу-маржанның нәзік жарқылы мен теңдессіз талғампаздықтың жарасымы.

Асыл қазына сандығын ашыңыз. Асыл бұйымдар сақталатын қазына сандығындай жұмыр қаптама талғампаздық пен сән-салтанаттың шынайы көрінісін айқындайды. Қаптаманы ашып, оның 20% кеңейтілген ішкі кеңістігінде ыңғайлы орналасқан кафф-құлаққаптарының көз тартар жарқылына тәнті болыңыз.⁠5

Көз тартарлық дизайн. Сұйық силиконнан жасалған, 25% жұмсақтау C-тәрізді құрылымының арқасында6 құлаққаптар ерекше жайлылық сыйлайды, ал мұқият ойластырылған 50 сатылы қабатын өңдеу технологиясы оларға көз тартар жарқыл мен мінсіз әрлеу береді.

HUAWEI FreeClip 2 S Comfort Bean

Құлаққа жайлы орналасады. Бұршақ пішіндес бөліктің талғампаз дизайны 10 000-нан астам құлақ пішіні⁠4 негізінде әзірленіп, құлаққа жайлы әрі берік орналасуды қамтамасыз етеді. Әр құлаққаптың салмағы небәрі 5,1 г⁠.⁠7

HUAWEI FreeClip 2 S Acoustic Ball

Дыбыс сапасы күткеніңізден де жоғары. Шар пішінді шағын компонент қос диафрагмалы қуатты динамиктердің арқасында әсерлі дыбыс тудырады.⁠8

HUAWEI FreeClip 2 S Colour Deepsea Blue
Қанық көк
HUAWEI FreeClip 2 S Colour Space Silver
Ғарыш тәрізді күміс түсті

Қанық көк

Ғарыш тәрізді күміс түсті

Дыбысы

Ләззат сыйлайтын дыбыс

HUAWEI FreeClip 2 S Chipset
HUAWEI FreeClip 2 S Dual Diaphragm Acoustic Architecture
Дыбыстың жаңа мүмкіндіктерін ашыңыз
Әр нота айқын естіледі

Қоңыраулар кезінде және аудио тыңдау барысында жоғары дыбыс сапасы есептеу мүмкіндіктері 10 есе артқан жасанды интеллект негізіндегі нейропроцессордың арқасында қамтамасыз етіледі.⁠6

Қос диафрагмалы дыбыс шығарғыш⁠8 төмен жиіліктерге сезімталдықты және құлаққаптардың дыбыс деңгейін 100% арттырып, қуатты бас пен анық жоғары жиілікті⁠6 дыбысты қамтамасыз етеді.

Шу туралы ұмытыңыз

HUAWEI FreeClip 2 S Listening Experience
  • HUAWEI FreeClip 2 S Clear Calls Бейімделгіш дыбыс деңгейі⁠9

    Дыбыс деңгейін реттеудің үш режимі дыбыс көзі мен қоршаған ортаға қарай қалауыңызға сай дыбыс деңгейін баптауға мүмкіндік береді.

  • HUAWEI FreeClip 2 S Clear Calls Бейімделгіш дауыс күшейту⁠9

    Қоңыраулар мен подкасттарды тыңдау кезінде мінсіз анық дыбысты қамтамасыз ету үшін құлаққаптар қоршаған ортаға бейімделіп, дауысты күшейтетін интеллектуалды функциямен жабдықталған.

  • HUAWEI FreeClip 2 S Clear Calls Қоңыраулар кезіндегі таза дыбыс2

    Үш микрофон және терең нейрондық желілер негізіндегі көпарналы алгоритмдер дауысты дәл танып, қоршаған ортадағы шуды басу арқылы қоңырау кезіндегі дыбыстың анықтығын қамтамасыз етеді.

  • HUAWEI FreeClip 2 S Clear Calls Тек сізге арналған дыбыс

    Кері дыбыстық толқындар жүйесі дыбысты ең аз таралумен тікелей құлаққа бағыттауға мүмкіндік береді.⁠10 Тыныш ортада дыбыс деңгейі автоматты түрде төмендетіледі.

HUAWEI FreeClip 2 S Auto Left Right Recognition

Арналардың лезде бейімделуі Сол және оң құлаққаптарды автоматты түрде тану функциясы⁠11 қай құлаққаптың қай құлаққа арналғанын ойламай-ақ қолдануға мүмкіндік береді — дұрыс дыбыс сізді өзі табады.

HUAWEI FreeClip 2 S Unlimited Spatial Audio

Кез келген құрылғымен дыбыс әлеміне толық еніңіз. Бастың қозғалысын динамикалық түрде бақылау технологиясы бар шексіз кеңістіктік дыбыс⁠3 қай жерде болсаңыз да, музыка әлеміне толықтай енуге мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктер

Барлық мүмкіндіктер қолжетімді

HUAWEI FreeClip 2 S Hand and Head Control
HUAWEI FreeClip 2 S Hand and Head Control
HUAWEI FreeClip 2 S Hand and Head Control
HUAWEI FreeClip 2 S Hand and Head Control

Басып ұстап тұрыңыз. Сұрақтарыңызға лезде жауап алу үшін дауыстық көмекшіні іске қосыңыз.⁠12

Сырғытыңыз. Дыбыс деңгейін реттеп, композицияларды ауыстырыңыз.⁠12

Басыңыз. Қоңырауды қабылдау немесе аяқтау үшін екі рет басыңыз. Келесі композицияны ойнату үшін үш рет басыңыз.⁠12

Бас қимылдары арқылы басқарыңыз. Қоңырауды қабылдау үшін басыңызды изеңіз немесе қабылдамау үшін басыңызды шайқаңыз.⁠13

Құлаққаптың барлық мүмкіндігін пайдаланыңыз

HUAWEI FreeClip 2 S Multi Connection

Ыңғайлы дыбысты басқару орталығы. HUAWEI Audio Connect қосымшасында iOS және Android негізіндегі екі құрылғы арасында оңай ауысыңыз.⁠14 Құлаққап қосылымын басқарып, батарея қуатын кез келген уақытта тексеріңіз.

HUAWEI FreeClip 2 S Sound Effects

Дыбысты өз талғамыңызға сай реттеңіз. 10⁠ деңгейлі эквалайзер көмегімен төмен, орта және жоғары жиіліктерді реттеп, өзіңізге тән дыбыс стилін жасаңыз.

HUAWEI FreeClip 2 S Find Device

Құлаққаптарыңыз әрдайым өзіңізбен бірге. Телефон арқылы құлаққаптарға дыбыстық сигнал жіберіп, оларды оңай табыңыз. Алаңсыз тыңдаңыз.

Стиль және жайлылық

HUAWEI FreeClip 2 S IP57 Dust and Water Resistance

Оларға шаң да, лай да кедергі емес. IP57⁠15 суға және шаңға төзімділік деңгейі жаттығу кезінде шашыраған су мен терден сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді.

Дейін
38
сағат⁠16
Қаптамада қосымша қуаттау арқылы
Дейін
9
сағат⁠16
толық қуаттау кезінде

Премиум деңгейдегі жұмыс уақыты. 10 минуттық қуаттаудан кейін 3 сағат музыка тыңдаңыз.⁠17 Сапасы жоғалмайтын керемет дыбыс.

  1. Әдепкі параметрлерде бұл функция сөндірілген. Нақты әсерлер құрылғыны пайдалану ерекшеліктеріне, қоршаған орта факторларына, қолданылатын қосымшаларға және басқа да жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. 
  2. Қоңырау кезіндегі нақты дыбыс әсерлері құрылғыны пайдалану ерекшеліктеріне, қоршаған орта факторларына және қолданылатын қосымшаларға байланысты өзгеруі мүмкін. 
  3. Осы функцияны пайдалану үшін онлайн режимінде жаңарту қажет. 
  4. Деректер Huawei зертханасындағы сынақтардан алынған. 
  5. Деректер Huawei зертханасында жүргізілген сынақтар кезінде HUAWEI FreeClip 2 моделін салыстыру нәтижесінде алынған. 
  6. Деректер Huawei зертханасында жүргізілген сынақтар кезінде HUAWEI FreeClip моделін салыстыру нәтижесінде алынған. 
  7. Деректер Huawei зертханасындағы сынақтардан алынған. Нақты салмағы құрылғының конфигурациясына және оны өндіру процесіне байланысты. 
  8. Қос диафрагмалы таратушы — HUAWEI FreeClip 2 S құлаққаптарындағы екі диафрагмасы бар ашық аудиомодуль. 
  9. Бейімделмелі дыбыс деңгейін реттеу функциясы сынақ кезеңінде және әдепкі қалып бойынша өшірулі. Бұл функцияны қосу үшін HUAWEI Audio Connect қосымшасына өтіп, «Эксперименттік функциялар» бөлімін таңдаңыз. Құрылғыны және оның функцияларын пайдаланудағы нақты тәжірибе құрылғыны қолдану ерекшеліктеріне, қоршаған орта факторларына және қосымшалардың мүмкіндіктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. 
  10. Тыныш ортада есту қабілетіңізді қорғау және дыбыстың сыртқа таралуын азайту үшін дыбыс деңгейін төмендету ұсынылады. Нақты пайдалану ерекшеліктері қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін. 
  11. Сол және оң құлаққаптарды автоматты түрде тану дәлдігі бас қозғалысына және дене қалпына байланысты. Құлаққапты тағып, жүйе қай құлаққаптың сол жақ, қайсысының оң жақ екенін анықтауы үшін басыңызды сәл алға еңкейтіңіз. Нақты анықтау дәлдігі құлаққапты тағу ұзақтығы және адамның дене қалпы сияқты факторларға байланысты. Құрылғыны пайдаланудағы нақты тәжірибеге сүйеніңіз. 
  12. Қимылдарды HUAWEI Audio Connect қосымшасында реттеуге болады. Құрылғының нақты функциялары өзгеше болуы мүмкін. 
  13. Бұл функция әдепкі қалып бойынша өшірулі, оны ұялы желі арқылы жасалатын қоңыраулар кезінде пайдалануға болады. 
  14. iOS 13.0/iPadOS 13.0/Android 8.0 немесе одан жоғары нұсқадағы телефонға немесе планшетке HUAWEI Audio Connect қосымшасын жүктеп алу үшін құрылғы қаптамасындағы QR-кодты сканерлеңіз немесе құрылғыңызда орнатылған қосымшалар дүкенінен қосымша атауын енгізіп іздеңіз. 
  15. Құлаққаптар (бірақ қуаттау қаптамасы емес) IEC 60529 стандартына сәйкес IP57 қорғаныс деңгейіне ие. Бұл құрылғы кәсіби су өткізбейтіндік деңгейіне жатпайды, бірақ қалыпты пайдалану кезінде пайда болатын су шашырауынан, судан және шаңнан қорғалған. Құрылғы бақыланатын ортада зертханалық сынақтардан өтті, бұл оның IEC 60529 стандарты бойынша IP57 қорғаныс деңгейіне сәйкес келетінін білдіреді. Құлаққаптарды жүзу кезінде, душта немесе судың жоғары қысымы не жылдам ағыны әсер ететін басқа жағдайларда пайдалануға болмайды. Құрылғының табиғи тозуына байланысты оның судың шашырауынан, судан және шаңнан қорғау қасиеттері уақыт өте нашарлауы мүмкін. 
  16. Деректер Huawei зертханасында жүргізілген сынақтар нәтижесінде алынған, сынақ барысында құлаққаптар HUAWEI Mate 80 Pro телефонына қосылып, музыка AAC форматында 50% дыбыс деңгейімен ойнатылған, ал басқа параметрлер әдепкі қалып бойынша орнатылған. Батареяның нақты жұмыс істеу уақыты дыбыс деңгейіне, аудио көзіне, кедергілер деңгейіне, құрылғы параметрлеріне және пайдалану ерекшеліктеріне байланысты. 
  17. Жылдам қуаттауға қатысты деректер Huawei зертханасында жүргізілген сынақтар нәтижесінде алынған, сынақ барысында батарея қуатының төмен болуына байланысты құлаққаптар өшірілген, содан кейін олар қуаттау қаптамасына жалғанған кабель арқылы немесе қақпағы жабық, батарея қуаты 80% жоғары қуаттау қаптамасында 10 минут бойы қуатталған. Осыдан кейін құлаққаптар EMUI 15.0.0 жүйесі бар HUAWEI Mate 80 телефонына қосылып, AAC форматындағы музыка 50% дыбыс деңгейінде ойнатылған кезде, құлаққаптар ойнату режимінде 3 сағат жұмыс істеуді қамтамасыз етті. Батареяның нақты жұмыс істеу уақыты дыбыс деңгейіне, аудио көзіне, кедергілер деңгейіне, құрылғы параметрлеріне және пайдалану ерекшеліктеріне байланысты. 
Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Жалғастыру Қайту