HUAWEI FreeClip
  • Күлгін
  • Қара
Күлгін, Қара
  • Құлаққап өлшемі (биіктігі × ені × тереңдігі):

    шамамен 26,70 мм × 22,00 мм × 25,30 мм

    Зарядтау тысқабының өлшемі (биіктігі × ені × тереңдігі):

    шамамен 59,70 мм × 51,95 мм × 27,35 мм

    *Құрылғының нақты өлшемі конфигурацияға және өндіріс процесіне байланысты.

  • Әр құлаққап:

    5,6 г ± 0,3 г

    Зарядтау тысқабы:

    45,5 г ± 2 г

    *Құрылғының нақты салмағы конфигурацияға және өндіріс процесіне байланысты.

  • Сүйек өткізгіштік датчигі, IMU датчигі, Холл датчигі, сыйымдылық датчигі

  • SBC, AAC және L2HC форматтарын қолдау

    *L2HC кодегінің жұмысына HUAWEI смартфонын EMUI 13.0 немесе одан жоғары платформасында қосқан кезде қолдау көрсетіледі.

  • Батарея сыйымдылығы

    Құлаққаптар: 55 мА*сағ (әр құлаққап үшін минималды мән)

    Зарядтау тысқабы: 510 мА*сағ (минималды мән)

    Зарядтау әдісі

    Сымды зарядтау: USB-C

    Сымсыз зарядтау: 2 Вт дейін

    Зарядтау уақыты

    Құлаққаптар үшін шамамен 40 минут (зарядтау тысқабында)

    Ішінде құлаққап жоқ зарядтау тысқабы үшін шамамен 60 минут (сымды зарядтау)

    Ішінде құлаққап жоқ зарядтау тысқабы үшін шамамен 150 минут (сымсыз  зарядтау)

    *Деректер Huawei зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Сынақ кезінде қоршаған орта температурасы 25°С құрады. Деректер анықтама үшін берілген.

    Батареяның жұмыс уақыты

    Аудио ойнату режимінде: толық зарядталған кезде 8 сағат және зарядтау тысқабында бірнеше зарядталған кезде 36 сағат.

    *Батарея мен зарядтау уақытының деректері Huawei зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Сынақ кезінде AAC пішіміндегі аудио қолданылды, дыбыс деңгейі 50%, белсенді шуылды басу өшірілді. Басқа функциялар үшін әдепкілік бойынша баптаулар қолданылды. Нақты нәтижелер дыбыс деңгейіне, аудио көзіне, кедергі деңгейіне, құрылғы параметрлеріне және пайдалану ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

  • Құлаққаптағы операцияларды ыңғайлы басқару үшін шар тәрізді компонентті, серпімді C-bridge Design коннекторын немесе бұршақ тәрізді компонентті түртіңіз.

    Екі рет түрту: аудио ойнату немесе кідірту немесе қоңырауға жауап беру немесе аяқтау

    Үш рет түрту: келесі композицияны ойнату.

  • Құлаққаптар:

    IP54

    Зарядтау тысқабы:

    су өткізбейтін болып табылмайды

    *Тек құлаққаптарда шаң мен суға қарсы IP54 класына ие, зарядтау тысқабы су өткізбейтін болып табылмайды. Бұл құрылғы қалыпты жұмыс жағдайында шашырауға, шаңға және ылғалға төзімді. Құлаққаптар зертханалық жағдайда сынақтан өтті және IEC 60529 стандарты бойынша расталған IP54 қорғаныс класын алды. Шашыраудан, судан және шаңнан қорғау тұрақты қасиет емес, ұзақ және қарқынды пайдалану нәтижесінде қорғаныс сипаттамалары нашарлауы мүмкін. Құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайында зарядтамаңыз. Құрылғының сумен жанасуынан туындаған зақым болған жағдайда, кепілдік бойынша жөндеу жүргізілмейді.

  • Жеткізілім жиынтығының қорабы тығыздалған полиэтиленге қапталған. Жеткізілім жиынтығына мыналар кіреді:

    Құлаққаптар × 1 жұп

    Зарядтау тысқабы × 1

    Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы (қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулығымен) × 1 жинақ

    Кепілдік талоны × 1

    USB-C зарядтау кабелі × 1

    *Нақты жеткізілім жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін.