Cookie файлдарына қатысты құқықтық саясат

ЗАҢДЫ МӘЛІМЕТТЕР
Huawei компаниясы cookie файлдары мен ұқсас технологияларды қалай пайдаланады
A. Соокіе файлдары

«Cookie» — бұл веб-сайт сервері ДК немесе мобильді құрылғыда сақтаған қарапайым мәтіндік файл және де тек сол сервер ғана осындай cookie файлының мазмұнын шығарып немесе оқи алады. Әрбір cookie файлы бірегей және тек веб-браузерге немесе мобильді қолданбаға қатысты ақпаратты қамтиды. Мұндай файл сәйкестендіргіш, веб-сайт атауы, бірнеше сандар мен таңбалар сияқты белгілі бір ақпаратты қамтиды.

Кейде Huawei компаниясы қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін компьютерде немесе мобильді құрылғыларда cookie файлдарын сақтайды және оларды келесі мақсаттарда пайдаланады:

(1) Техникалық cookies. Кіру және тексеру. Веб-сайтқа кіру үшін Huawei аккаунтын пайдаланған кезде, «cookies сеансы» оның функцияларына икемді қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

(2) Пайдаланушы баптаулары бар сookies. Баптауларыңыздың қоймасы. Веб-сайт cookie файлдарын ДК немесе мобильді құрылғыдағы тіл баптаулары мен қаріп өлшемі, интернет-дүкен себетіндегі заттар және басқа браузер баптаулары сияқты баптауларды сақтау үшін пайдалана алады.

(3) Жарнамалық cookies. Huawei компаниясы cookie файлдарын Сіздің онлайн белсенділіктеріңіз туралы деректерді жинау және Сіздің мүдделеріңізге толық сәйкес келетін жарнамалық ақпарат ұсыну үшін пайдаланады.

(4) Статистикалық cookies. Cookie файлдары көмегімен Huawei компанияның веб-сайттарын және басқа қосымшаларды бір рет кіру кезінде (cookies сеансы) немесе қайталанатын кірулер кезінде (тұрақты cookies) қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпарат жинай алады.

(5) Әлеуметтік желілердің cookies. Әлеуметтік желілердің cookies Ұнайды және Бөлісу батырмалары сияқты үшінші тарап компаниялары ұсынатын қызметтерге байланысты. Үшінші тарап компаниясы Huawei веб-сайттарына кіргеніңіз туралы ақпарат алу үшін өз қызметтерін ұсынады.

Сіз cookie файлдарын басқара аласыз немесе оларды өз қалауыңыз бойынша жоя аласыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты AboutCookies.org қараңыз. Сіз өзіңіздің ДК барлық cookies жоя аласыз, сонымен қатар көптеген браузерлерді ДК cookies орналастыруды бұғаттайтын етіп баптай аласыз. Бұл жағдайда Huawei веб-сайттарына кірген сайын жеке баптауларды қолмен орнатуға тура келеді. Cookie файлдарын басқару және браузер баптауларын сәйкесінше өзгерту туралы нұсқауларды Internet Explorer > Google Chrome > Mozilla Firefox > Safari > Opera қараңыз.

Cookie файлдарын жойғаннан кейін Huawei веб-сайттарына келесі кірген кезде баптауларды өзгертуге тура келеді. Кейбір Huawei қызметтері жұмыс істеуі үшін cookie файлдарын қажет етеді. Cookie файлдарын өшіру осы қызметтердің кейбір немесе тіпті барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмауыңызға әкелуі мүмкін.

B. Веб-маяктар және пиксельдік тегтер

Cookie файлдарынан басқа, Huawei және кейбір үшінші тарап компаниялары веб-сайттарында веб-маяктар мен пикселдік тегтерді пайдалана алады. Веб-маяк — бұл веб-сайтқа кіргенде немесе электрондық хатты оқығанда құрылғының cookies сәйкестендіретін веб-сайтта немесе электрондық хатта орналастырылған шағын графикалық файл. Пиксельдік тегтер — бұл компанияға электрондық хаттың ашылуын бақылауға мүмкіндік беретін белгілі бір электрондық таратылым форматы.

Huawei және кейбір үшінші тарап компаниялары бұл технологияларды қызметтерді пайдалану статистикасын талдау (cookies-пен бірге) және Сізді қызықтыруы мүмкін контент пен жарнаманы қамтамасыз етуді қоса алғанда әртүрлі мақсаттарда пайдалана алады. Әдетте, Huawei компаниясы Сізге жіберген электрондық хаттарда Huawei веб-сайтындағы белгілі бір контентке сілтемелерді қамтиды. Сілтемелерді қадағалау Huawei компаниясына өнімдер мен қызметтерге қатысты қалауларыңызды зерттеуге және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер Сізге қатысты осы технологиялардың пайдаланылуын қаламасаңыз, компанияның электрондық таратылымына жазылудан бас тартыңыз.

C. Басқа деректер қоймалары

Huawei компаниясы және кейбір үшінші тарап компаниялары flash cookies және HTML5 деректер қоймасы сияқты басқа деректер қоймаларын пайдалана алады. Cookies сияқты, бұл технологиялар құрылғыда ақпаратты сақтауға және әрекеттеріңіз бен қалауларыңыз туралы ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. Алайда, cookies-тен айырмашылығы, бұл технологиялар стандартты құралдар мен браузер баптауларын қолдана отырып, сіз қадағалай алмайтын басқа ақпарат құралдарын қолдана алады. Flash cookies-ті өшіру немесе олардағы ақпаратты жою туралы қосымша ақпаратты мына жерден қараңыз.

D. «Мені қадағаламаңыз» функциясы

Көптеген веб-браузерлерде пайдаланушы ашатын веб-сайттарға «Қадағаламау» сигналдарын жіберетін «Мені қадағаламаңыз» функциясы бар. Қазіргі уақытта Интернетті стандарттау жөніндегі жетекші ұйымдардың қатысушылары мұндай сигналдарды алған кезде веб-сайттар қандай әрекеттер жасауы керек екендігі туралы әлі де келіскен жоқ.

Егер сіз «Қадағаламау» функциясын немесе браузер ұсынатын басқа ұқсас функцияларын қоссаңыз, Huawei осы мәлімдемеде сипатталған деректерді жинау және пайдалану тәсілдерін өзгертпейді. Бұл ретте компания сіздің «Қадағаламау» функциясын қосуға жауап беру және алдын ала ескертусіз деректеріңізді жинауды тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Қайту Жалғастыру