HUAWEI Mate Xs 2

Для получения наилучшего пользовательского опыта, пожалуйста, загрузите последнюю версию Internet Explorer или откройте страницу в другом браузере.
Perfection Expanded
Бейнені көру
HUAWEI Mate Xs 2 KV
x xxxx* x
xxxx
HUAWEI Mate Xs 2 KV
HUAWEI Mate Xs 2 top features
Ультра жеңіл, ультра жұқа және сенімді

Инновациялық топсалы механизмі смартфонның
тозуға төзімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

HUAWEI Mate Xs 2 top features
True-Chroma бүктемелі
экраны

Смартфон жаңарту жиілігі 120 Гц2 және жарқылдан қорғайтын 424 ppi пиксель тығыздығы бар 7,8 дюймдік1 экранмен жабдықталған.

HUAWEI Mate Xs 2 top features
HUAWEI IMAGETM

True-Chroma3 камерасымен және HUAWEI XD Optics технологиясымен жоғары сапалы фотосуреттер түсіріңіз.

HUAWEI Mate Xs 2 top features
Жоғары өнімділік

Смартфон 4600 мА*сағ4 батареямен жабдықталған және HUAWEI SuperCharge5 66 Вт жылдам зарядтау функциясын қолдайды.

HUAWEI Mate Xs 2 top features
Зияткерлік  функциялар

Смартфон бірнеше терезе режимін және HD бейне қоңырауларын қолдайды.

HUAWEI Mate Xs 2 design
Толық ену әсері
Смартфон инновациялық топсалы механизммен және шынайы түсті бейнелейтін үлкен бүктемелі экранмен жабдықталған.
Бейнені көру
HUAWEI Mate Xs 2 display
Үлкен және жарқын экран

True-Chroma 7,8 дюйм1 бүктемелі экраны, пиксель тығыздығы 424 ppi және ажыратымдылығы 2480 × 22006 пиксель ашық күйінде нақты түс жіберу және жұмыстың тегістігімен ерекшеленеді. Экранды жабатын нано оптикалық үлдір, смартфонды тіпті шуақты күнде қолданған кезде де жарқылдан қорғауды қамтамасыз етеді.

HUAWEI Mate Xs 2 display
Экран жақтарының арақатынасы
8:7.1
Пиксель тығыздығы
424 ppi
Экранды жаңарту жиілігі
120 Гц
Түсті қамту
P3, 1,07 млрд түс
Стильді дизайн

HUAWEI Mate Xs 2 фактуралық қара және құмды ақ түстерде ұсынылған және оның жабыны 3D шыныдан жасалған. Смартфон стильді және ширақ көрінеді.

HUAWEI Mate Xs 2 colours
Қуатты және
ықшамды
HUAWEI Mate Xs 2 ultra light

Ультра жеңіл

Инновациялық материалдардан жасалған смартфонның салмағы небәрі 255 г7. Оны қолыңызда ұстау ыңғайлы және қалтаңызға оңай сыяды.

HUAWEI Mate Xs 2 ultra flat

Ультра жұқа

Ашық күйінде смартфонның экраны мүлдем тегіс болады. Инновациялық топсалы механизмінің арқасында смартфон оңай бүктеледі және ашылады.

HUAWEI Mate Xs 2 durable

Сенімді және тозуға төзімді

HUAWEI Mate Xs 2 сенімділігі мен тозуға төзімділігімен ерекшеленеді. Оның экраны композициялық материалдардан жасалған, ал топсалы механизмін жасауда MIM технологиясы қолданылады.

құлау кезінде зақымданудан қорғау

2,5х

Соққыға төзімділік

2,8х

қысымдағы зақымданудан қорғау

1,4х
*Деректер HUAWEI Mate XS алдыңғы буынының смартфонымен салыстырғанда HUAWEI зертханасындағы (еркін құлау сынағы) сынақтары нәтижесінде алынған. Құлау кезінде зақымданудан қорғаудың нақты деңгейі бұрышқа, биіктікке және басқа жағдайларға байланысты. Смартфон сыртқы әсерлерге және физикалық факторларға сезімтал жоғары дәлдіктегі электронды компоненттерден тұрады. Пайдалану кезінде оны түсіріп алмауға тырысыңыз.
*Кескін анықтама үшін берілген.
HUAWEI Mate Xs 2 camera
HUAWEI Mate Xs 2 camera
HUAWEI IMAGETM
True-Chroma3 камерасы смартфон арқылы жоғары сапалы фотосуреттер түсіруге мүмкіндік береді. HUAWEI XD Optics технологиясының арқасында камера матрицасына неғұрлым көбірек жарық түседі, ал XD Fusion Pro True-Chroma Image Engine технологиясы шынайы түс жіберуді қамтамасыз етеді.
HUAWEI Mate Xs 2 camera
Алдыңғы камераның ультра
кең бұрышты объективі

кең бұрышты селфи түсіріңіз және достарыңызбен
бейне байланыс арқылы байланысыңыз.

True-Chroma 50 МП
кең бұрышты объектив

ашық және шынайы түстер

13 МП ультра кең
бұрышты объектив

түсірілімнің кең бұрышы

8 МП телеобъектив

тіпті қашықтықтан түсіру кезінде
де егжей тегжейлі фотосуреттер

HUAWEI Mate Xs 2 photo clarity
Жоғары егжей-тегжейлік

HUAWEI XD Optics технологиясы және кескін деректерін қалпына келтірудің инновациялық технологиясы егжей-тегжейлі және анық фотосуреттер түсіруге мүмкіндік береді.

HUAWEI Mate Xs 2 photo colours
Реңктердің байлығы

XD Fusion Pro True-Chroma Image Engine технологиясының, P3 түс қамтуының, 10 арналы датчиктің және 2000-нан астам түстерді реттеу мүмкіндігінің арқасында сіз айналаңыздағы әлемді ұсақ бөлшектерінде түсіре аласыз.

HUAWEI Mate Xs 2 photo portrait
Кәсіби портреттер

Айналық режимі жоғары сапалы селфи жасауға мүмкіндік беретін қосымша экранда фотосуретті алдын ала қарауды қолдайды.

HUAWEI Mate Xs 2 photo backlit
Түнгі түсірілім

Түнде және жарық артқы жағында орналасқан түсірілім кезінде де айқын және контрастылы фотосуреттер түсіріңіз.

HUAWEI Mate Xs 2 photo telephoto
Зумның кең ауқымы

8 птикалық зум және 30x цифрлық зум тіпті алыс ққашықтықтан да егжей-тегжейлі фотосуреттерді түсіруге мүмкіндік береді.

HUAWEI Mate Xs 2 photo wild view
Кең бұрышты түсірілім

120°9 түсіру бұрышы бар ультра кең бұрышты объектив тау пейзаждары мен жазықтардың жарқын фотосуреттерін жасауға мүмкіндік береді.

HUAWEI Mate Xs 2 photo marco shot
Макро түсірілім

2,5 см қашықтықта макро түсірілім өсімдіктердің жапырақтарындағы шық тамшыларын түсіру сияқты айқын және егжей-тегжейлі фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді.

HUAWEI Mate Xs 2 dynamic theme
Бейнені көру
Анимациялық тақырыптар
Смартфонды бүктегенде немесе ашқанда анимациялық тақырыптар мен белгішелер негізгі және қосымша экрандар арасында біркелкі қозғалады.
Анимациялық тақырыптар
Смартфонды бүктегенде немесе ашқанда анимациялық тақырыптар мен белгішелер негізгі және қосымша экрандар арасында біркелкі қозғалады.
HUAWEI Mate Xs 2 immersive video call
Достармен қатынасыңыз
HUAWEI Mate Xs 2 immersive video call

Смартфон үлкен экранмен жабдықталған және MeeTime бейне қоңырауларын жоғары ажыратымдылықта қолдайды. Бейне қоңырауларға 12 пайдаланушыға дейін қатыса алады10, ал дыбыс 3 метрге дейінгі қашықтықтан смартфон микрофонымен қабылданады11. Инновациялық дауысты байланыс функциясы достарыңызбен және әріптестеріңізбен ыңғайлы сөйлесуге мүмкіндік береді.

HUAWEI Mate Xs 2 multi-window interaction
Бейнені көру
Бірнеше терезенің зияткерлік  режим және қимылмен басқару
HUAWEI Mate Xs 2 multi-window interaction
Бейнені көру

Экранды бірнеше терезеге бөлу үшін экранның сол жақ бұрышына қарай сырғытыңыз.
Қалқымалы терезені көрсету үшін экранның оң жақ бұрышына жоғары сырғытыңыз.
Толық экран режиміне өту үшін экранды төменнен жоғары қарай сырғытыңыз.
Қосымшаның терезесін шарға жиыру үшін экранның сол немесе оң жақ шетінен ортасына қарай сырғытыңыз.
Терезені жабу үшін экранды төмен қарай сырғытыңыз.


HUAWEI Mate Xs 2 battery charging
Жоғары өнімділік
4600 мА*сағ

Сыйымдылығы жоғары батарея4.

66 Вт

HUAWEI SuperCharge жылдам зарядтауды қолдау5.

Графенді салқындату жүйесі

Жылуды таратудың
жетілдірілген жүйесі.

Көлемді дыбыс

Смартфонда үлкен амплитудасы бар екі ультра жұқа стерео динамиктермен жабдықталған. Ол сондай-ақ толық ену әсерін қамтамасыз ететін зияткерлік  алгоритмдерді қолдайды.

HUAWEI Mate Xs 2 stereo sound
  1. 7,8 дюйм — бұл диагональ бойынша өлшенетін экранның қарама-қарсы бұрыштары арасындағы қашықтық (экранның нақты жұмыс беті сәл кішірек).
  2. Кейбір қосымшаларды пайдалану кезінде және белгілі бір сценарийлерде 120 Гц экранды жаңарту жиілігіне қолдау көрсетіледі.
  3. True-Chroma камерасы True-Chroma 50 МП объективінен, 13 МП ультра кең бұрышты объективтен және 8 МП телеобъективінен тұрады. Ол 10 арналы датчикпен жабдықталған және лазерлік автофокусты қолдайды.
  4. Типтік мәні. Батареяның номиналды сыйымдылығы — 4500 мА*сағ.
  5. Тек сымды зарядтауға қолдау көрсетіледі. 66 Вт - бұл арнайы SuperCharge HUAWEI 66 Вт қуат адаптері мен кабельді пайдалану арқылы ғана қол жеткізуге болатын максималды зарядтау қуаты.
  6. Ашық күйіндегі экранның ажыратымдылығы 2480x2200 пиксельді құрайды. Бүктелген күйіндегі экранның ажыратымдылығы 2480x1176 пиксельді құрайды. Ажыратымдылық шеттері дөңгеленген стандартты тіктөртбұрыш бойынша өлшенеді, тиімді пикселдер сәл аз.
  7. Деректер HUAWEI зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Батареямен бірге, бірақ қорғаныс үлдірін есептемегенде құрылғының салмағы көрсетілген. Өлшеудің нақты мәндері құрылғының моделіне байланысты.
  8. HUAWEI Mate Xs 2 3x оптикалық зумды қолдайды. Объективтердің фокустық қашықтығы 13 мм, 23 мм және 85 мм.
  9. 120° — камера объективінің сипаттамасы. Нақты бұрыш сәл кішірек болуы мүмкін.
  10. MeeTime қосымшасы тек кейбір елдер мен аймақтарда қол жетімді. Үйлесімді құрылғылар туралы толық ақпаратты HUAWEI тұтынушыларға қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Бейне қоңыраудың ажыратымдылығы желі сигналына байланысты.
  11. Деректер HUAWEI зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Деректер анықтама үшін берілген.
  12. Ескерту
    Бұл құрылғы иілген экраны бар бүктемелі смартфон болып табылады. Төмендегілерге назар аударыңыз:
    Стандартты қорғаныс тысқабын пайдалану ұсынылады. Смартфонды түсіріп алмауға және оны өткір заттармен жанасудан аулақ болуға тырысыңыз.
    Смартфон нәзік компоненттермен жабдықталған, сондықтан оған сұйықтық, құм және смартфонның ішіне еніп, оны зақымдауы мүмкін басқа бөгде заттардың түсуіне жол бермеу ұсынылады. Бұл құрылғының қызмет ету мерзімін ұзартады.
    Алдыңғы камера нәзік компонент болып табылады, сондықтан экранға зақым келтірмеу және кепілдік қызметіне әсер етпеу үшін оған қысым жасамау ұсынылады.
    Смартфон экранды қорғауға арналған арнайы үлдірмен бірге жеткізіледі. Экранға зақым келтірмеу және кепілдік қызметіне әсер етпеу үшін экран қорғаныс үлдірін алып тастамаңыз немесе басқасын өздігінен орнатуға тырыспаңыз. Экран қорғаныс үлдірін ауыстыру үшін тұтынушыларға қызмет көрсету жедел желісіне хабарласыңыз немесе HUAWEI уәкілетті қызмет көрсету орталығына барыңыз.
    Ауа температурасы -10°C немесе одан төмен болған кезде смартфонды бүктемеуге немесе ашпауға тырысыңыз.
Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Қайту Жалғастыру