Телефонның батареясы тез таусылады және телефон күту режимінде ұзақ тұрмайды
Телефонның батареясы тез таусылады және телефон күту режимінде ұзақ тұрмайды |
Телефонның күту режимінде жұмыс істеу уақыты батареяның сыйымдылығына, телефон баптауларына, сондай-ақ пайдалану ерекшеліктеріне байланысты. Келесі ұсынымдар телефонның күту режимін жұмыс уақытын ұзартуға көмектеседі.
Пайдалану бойынша ұсынымдар:
1.Мультимедиа дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
2.Тұрақты интернет байланысын пайдаланыңыз.
3.Жақында қолданылған қосымшалар экранын үнемі ашып, фондық режимде жұмыс істейтін қажетсіз қосымшаларды жабыңыз.
4.Фондық режимде жұмыс істейтін қажетсіз қосымшалар файлдарын жою үшін телефонды аптасына бір рет қайта жүктеңіз.
5.Телефон жүйесін соңғы нұсқаға жаңартыңыз. Жаңа нұсқалар жүйенің энергия тұтынуы мен тұрақтылығын неғұрлым жақсы оңтайландырады.
Жүйелік жаңартуларды орнату сіздің деректеріңізді жоймайды, дегенмен жүйені жаңартпас бұрын деректердің сақтық көшірмесін жасау ұсынылады.
Төмендегі баптаулар энергияны үнемдеуге көмектеседі:
- Оңтайландыру функциясын қолданыңыз.
Баптауларды ашып, Батарея > Оңтайландыру бөліміне өтіңіз, осылайша жүйе көп энергия тұтынатын функцияларды анықтайды. Осыдан кейін оңтайландыруды орындау туралы шешім қабылдауға болады.
- Батареяның қолданылуын тексеріңіз.
Баптауларды ашып, Батареяны пайдалану бөліміне өтіңіз. Егер сіз БЖ бөлімінде кейбір қосымшалар көп энергия тұтынатынын көрсеңіз, энергия тұтынуды азайту үшін Энергия сыйымдылығы туралы хабарлау функциясын қосып, қҚосымшаларды іске қосу бөліміндегі баптауларды өзгертуге болады.
Егер кейбір қосымшалар сирек қолданылса, бірақ көп энергия тұтынатын болса, шамадан тыс энергия тұтынбау үшін оларды жойып тастаңыз.
Қосымшаларды іске қосу бөлімінде Автоматты басқару функциясын өшіріп, қажет болған жағдайда Автоматты іске қосу,Жанама іске қосу және Фондық режимде жұмыс істеу функцияларын* қосыңыз немесе өшіріңіз.
Ескерту: баптауларды өзгерту фондық режимде жұмыс істейтін қосымшалардан хабарландырулар алуға әсер етуі мүмкін.
- Экран баптауларын өзгертіңіз.
1).Баптауларды ашып, Экранның ажыратымдылығы бөліміне өтіңіз. Экранның ажыратымдылығы бөлімін ашып, Ақылды ажыратымдылық функциясын қосыңыз. Немесе "Ақылды ажыратымдылық" функциясын өшіріп, "Баптау" бөлімінен неғұрлым төмен ажыратымдылықты таңдаңыз.
2).Егер телефон Қараңғы реңктегі интерфейс немесе Қараңғы режим функциясын қолдаса, энергияны үнемдеу үшін осы функцияны немесе режимді қосыңыз.
- Энергияны үнемдеу режимін қосыңыз.
Баптауларды ашып, Энергия үнемдеу режимі бөлімін тауып, ашыңыз. Күту режимінде жұмыс уақытын ұзарту үшін Энергия үнемдеу режимін немесе Ультра режимін қосыңыз.
Егер телефон Тиімді режимді қолдаса, шамадан тыс энергия тұтынуды болдырмау үшін оны өшіру ұсынылады.
- Желілік қосылым параметрлерін баптаңыз.
1).Баптауларды ашыңыз, Құрылғы ұйқы режимінде болған кезде желіге қосылу бөлімін тауып, ашыңыз, содан кейін телефон ұйықтау режимінде болған кезде шамадан тыс энергия тұтынудың алдын алу үшін бұл функцияны өшіріңіз.
2).Баптауларды ашып, Трафикті үнемдеу немесе Трафикті ақылды үнемдеу бөлімдерін тауып, ашыңыз және фондық режимде жұмыс істейтін қосымшалардың мобильді деректерді беруді пайдалануына жол бермеу үшін осы функцияларды қосыңыз. Бұл трафик шығынын да, энергия тұтынуды да азайтуға мүмкіндік береді.
Ескерту: баптауларды өзгерту телефонда мобильді деректерді беру қосулы кезде қосымшалардың Интернетке қол жетімділігіне әсер етуі мүмкін.