HUAWEI FreeBuds және FreeLace сериялы Bluetooth құлаққаптарының батарея зарядын тексеру
HUAWEI FreeBuds және FreeLace сериялы Bluetooth құлаққаптарының батарея зарядын тексеру |
Құлаққаптың батарея зарядының деңгейін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
- Құлаққаптың БЖ, қосылған құрылғы жүйесі және сәйкес қосымшаның соңғы нұсқасына жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
- Құлаққапты құрылғыға қосыңыз.
- Құлаққаптың батарея зырядының деңгейін төмендегі әдістердің бірімен тексеріңіз
1-әдіс. Қалқымалы терезеде батарея зырядының деңгейін тексеріңіз
Қолдау көрсетілетін құрылғылар
Қадамдар
- FreeBuds Pro 3, FreeBuds Pro 2 және FreeBuds Pro
- FreeBuds 5, FreeBuds Lipstick, FreeBuds 4E, FreeBuds 4, FreeBuds 3 және FreeBuds 2 сериялары
- FreeBuds 5i, FreeBuds 4i және FreeBuds 3i
- FreeBuds Studio
- FreeLace Lite және FreeLace Pro
- FlyPods Pro, FlyPods 3 және FlyPods
- FreeBuds SE 2 және FreeBuds SE
Құлаққапты EMUI 10.0 және одан жоғары немесе HarmonyOS 2.0 және одан жоғары нұсқасы орнатылған HUAWEI телефонына немесе планшетіне қосыңыз. Құлаққаптар қосулы, зарядтау тысқабы ашық немесе құлаққаптар бөлінген кезде, қалқымалы диалогтық терезеде құлаққаптың немесе зарядтау тысқабының батарея зарядының деңгейі пайызбен көрсетіледі.
Тысқапты қатарынан бірнеше рет ашып, жапқан кезде, әр құлаққаптың батарея зарядының деңгейі қалқымалы терезеде көрсетілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда тысқаптың қақпағын баяу ашып, жабу ұсынылады.
2-әдіс. AI Life қосымшасында батарея зарядының деңгейін тексеріңіз
Қолдау көрсетілетін құрылғылар
Қадамдар
- FreeBuds Pro 3, FreeBuds Pro 2 және FreeBuds Pro
- FreeBuds 5, FreeBuds Lipstick, FreeBuds 4E, FreeBuds 4 және FreeBuds 3
- FreeBuds 5i, FreeBuds 4i және FreeBuds 3i
- FreeBuds SE 2 және FreeBuds SE
- FreeBuds Studio
- FreeLace Lite және FreeLace Pro
- flypods 3
AI Life қосымшасы көмегімен:
Құлаққапты телефондағы немесе планшеттегі AI Life қосымшасына қосыңыз. Содан кейін сіз құлаққаптың немесе зарядтау тысқабының батарея зарядының деңгейін қосымшадағы құлаққап туралы мәліметтер экранынан пайызбен көре аласыз.
Зарядтау тысқабының батарея зарядының деңгейі TWS құлаққаптарын зарядтау тысқабына салғаннан кейін ғана жаңартылады.
3-әдіс.Құрылғының күй жолағындағы батарея зарядының деңгейін тексеріңіз
Қолдау көрсетілетін құрылғылар
Қадамдар
Барлық HUAWEI Bluetooth құлаққаптары
Құлаққапты телефон немесе планшет сияқты Android, HarmonyOS немесе iOS негізіндегі құрылғыға қосыңыз және құрылғының күй жолағындағы батарея зарядының деңгейін тексеріңіз. (Батарея белгішесі арқылы батарея зарядының деңгейі туралы шамамен түсінік алуға болады).
Күй жолағында көрсетілген батарея зарядының деңгейі телефон үлгісіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл сіздің құрылғыңыздың жұмысындағы ақаулықты көрсетпейтін қалыпты жағдай.
4-әдіс. Құлаққапты құрылғыға қосыңыз және жұптастыру туралы диалогтық терезеде батарея зарядының деңгейін тексеріңіз
Қолдау көрсетілетін құрылғылар
Қадамдар
- FreeLace Pro/FreeLace
- xSport Pro
EMUI 9.1 және одан жоғары және HarmonyOS 2.0 және одан жоғары нұсқасы орнатылған HUAWEI телефондары мен планшеттерінде құлаққаптарды USB портына қосқан кезде және оларды ажыратқан кезде диалогтық терезе пайда болады, ол батарея зарядының деңгейін пайызбен көрсетеді.
5-әдіс. Батарея зарядының деңгейін тексеру үшін құлаққапты компьютерге қосыңыз
Қолдау көрсетілетін құрылғылар
Қадамдар
Барлық HUAWEI Bluetooth құлаққаптары
Құлаққаптар компьютерге қосылған кезде, Баптаулар > Bluetooth және құрылғылар > Аудио тармағына өту арқылы құлаққаптардың батарея зарядының деңгейін көруге болады.