Деректерді жаңа құрылғыға жылжыту үшін «Планшетті клондау» функциясын пайдалану
| Деректерді жаңа құрылғыға жылжыту үшін «Планшетті клондау» функциясын пайдалану |
Планшетті клондау функциясы барлық негізгі деректерді (оның ішінде, контактілер, күнтізбе, кескіндер мен бейнелер) ескі құрылғыдан жаңа құрылғыға жылдам әрі бірқалыпты жылжытуға мүмкіндік береді.
Huawei немесе басқа Android құрылғысынан деректерді тасымалдау
-
Жаңа құрылғыда Планшетті клондау қолданбасын ашып немесе тармағына өтіп, Бұл — жаңа құрылғы түймесін түртіп, Huawei немесе Басқа Android параметрін таңдаңыз.
-
Ескі құрылғыда Планшетті клондау қолданбасын жүктеп алу және орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
-
Ескі құрылғыда Планшетті клондау қолданбасын ашып, Бұл — ескі құрылғы түймесін түртіп, кодты сканерлеу немесе қолмен қосылу арқылы ескі құрылғыңызды жаңа құрылғыңызбен байланыстыру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
-
Ескі құрылғыңызда клондау қажет деректерді таңдап, клондауды бастау үшін опциясын түртіңіз.
Деректерді iPhone немесе iPad құрылғысынан тасымалдау
-
Жаңа құрылғыңызда Планшетті клондау қолданбасын ашып немесе тармағына өтіп, Бұл — жаңа құрылғы түймесін түртіп, iPhone/iPad параметрін таңдаңыз.
-
Ескі құрылғыда Планшетті клондау қолданбасын жүктеп алу және орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
-
Ескі құрылғыда Планшетті клондау қолданбасын ашып, Бұл — ескі құрылғы түймесін түртіп, кодты сканерлеу немесе қолмен қосылу арқылы ескі құрылғыңызды жаңа құрылғыңызбен байланыстыру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
-
Ескі құрылғыңызда клондау қажет деректерді таңдап, деректерді клондауды орындау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.