Өнім моделінің нөмірін табуға арналған анықтамалық
Төмендегі әдістер сіз сатып алған кез-келген HUAWEI құрылғысының модель нөмірін табуға көмектеседі.
(Төмендегі суреттер тек анықтамалық мақсатта келтірілген. Модель мәліметтерінің орналасуы өнімге байланысты өзгеруі мүмкін.)
ТЕЛЕФОНДАР
Бірінші әдіс. Өнімнің сыртқы қаптамасындағы заттаңбаны қараңыз. Заттаңба қаптаманың бүйірінде орналасқан және өнім туралы негізгі мәліметтерді, соның ішінде модель нөмірін қамтиды (төмендегі суретті қараңыз).
Екінші әдіс. Телефонның артқы қақпағының ішкі жағындағы паспорттық таңбалауын қараңыз. Ол үшін қақпақты шешіп алу керек. Егер модельде алынбалы аккумулятор болса, оның астында паспорттық таңбалау қойылады.
Төмендегі сурет тек анықтамалық мақсатта келтірілген.
Үшінші әдіс. Жүйе баптауларынан модель нөмірін қараңыз. Баптаулар > Телефон туралы > Модель нөмірі тармағына өтіңіз.
МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨНІМДЕР
1. Мобильді Wi-Fi желісі (E5)
Бірінші әдіс. Өнімнің сыртқы қаптамасындағы заттаңбаны қараңыз. Заттаңба қаптаманың бүйірінде орналасқан және өнім туралы негізгі мәліметтерді, соның ішінде модель нөмірін қамтиды (төмендегі суретті қараңыз).
Екінші әдіс. Өнімнің артқы қақпағының ішкі жағындағы паспорттық таңбалауын қараңыз.
Модель нөмірі бар паспорттық таңбалауын көру үшін артқы қақпақты шешіп алыңыз немесе өнімнің аккумуляторын шешіп алыңыз (төмендегі суреттерді қараңыз).
2. Деректер картасы
Бірінші әдіс. Өнімнің сыртқы жағын қараңыз (ол төмендегі суретте көрсетілген).
Екінші әдіс. Паспорттық таңбалауды көру үшін қақпақты шешіп алыңыз (төмендегі суретті қараңыз).
3. CPE (клиенттік жабдық)
Бірінші әдіс. Өнімнің сыртқы қаптамасындағы заттаңбаны қараңыз. Заттаңба қаптаманың бүйірінде орналасқан және өнім туралы негізгі мәліметтерді, соның ішінде модель нөмірін қамтиды (төмендегі суретті қараңыз).
Екінші әдіс. Корпустың артқы немесе төменгі жағындағы паспорттық таңбалауын қараңыз (төмендегі суретті қараңыз).
ЗИЯТКЕРЛІК САҒАТ
Бірінші әдіс. Өнімнің сыртқы қаптамасындағы заттаңбаны қараңыз (төмендегі суретті қараңыз).
Екінші әдіс. Корпустың сыртқы жағын қараңыз (ол төмендегі суретте көрсетілген).
● TalkBand сериясы
● HUAWEI FIT
● HUAWEI WATCH сериясы
ҮЙГЕ АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК ӨНІМДЕР
1. Бағдарлауыш