1. «HUAWEI сервисінен көктемгі жылулық сыйлық» акциясының (бұдан әрі – Акция)
ұйымдастырушысы –
«Хуавей Текнолоджиз Қазақстан» ЖШС, заңды мекенжайы: 050051, Алматы қ., Достық даңғылы 210Б (бұдан
әрі – Ұйымдастырушы).
2. Акция Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған HUAWEI брендіне тиесілі смартфондарға,
планшеттерге, сағаттарға және құлаққаптарға (бұдан әрі – Құрылғы)
қолданылады. Акцияға аталған
Құрылғыны иеленетін жеке тұлғалар ғана (бұдан әрі – Клиент) қатыса алады.
2.1. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы.
2.2. Акцияны өткізудің мақсаты – HUAWEI тауар белгісі/брендімен және оның серіктестерімен Қазақстан
Республикасының аумағында таратылатын тауарлар/өнімдер туралы интернет желісінде ақпаратты
ілгерілету, назар аударту, әлеуетті тұтынушылардың брендке деген қызығушылығын қалыптастыру немесе
қолдау.
2.3. Осы Шарттарда көрсетілген әрекеттерді Клиенттің орындауы осы Шарттарға қосылғанын (қосылу шарты)
растау болып табылады, сондай-ақ Клиенттің осы Шарттардың барлық талаптарымен толық келісетінін
білдіреді.
3. Акция 2026 жылғы 28 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде өткізіледі.
4. Акция аясындағы қызметтер Қазақстан Республикасының аумағында әрекет
ететін және Акцияға қатысуға Ұйымдастырушы уәкілеттік берген авторизацияланған сервис орталықтары
(бұдан әрі – АСО) арқылы ғана көрсетіледі. Акцияға қатысатын АСО-лардың
өзекті және толық тізімі
Ұйымдастырушының ресми веб-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://consumer.huawei.com/kz-kk/support/service-center/.
5. Акция аясында АСЦ Клиентке сыйлықты Құрылғының кепілді немесе кепілдіксіз жөндеуі толық
аяқталғаннан кейін ғана ұсынады. Егер Клиент Құрылғыны сыртқы тазалау қызметін, баптау,
бағдарламалық қамтамасыз ету немесе құрылғы функциялары бойынша кеңес алуды пайдаланғанымен, кепілді
немесе кепілдіксіз жөндеу жүргізілмесе, бұл жағдайда сыйлық берілмейді.
5.1. Акция аясында Құрылғыны баптау, бағдарламалық қамтамасыз ету және функциялары бойынша
консультация ақысыз көрсетіледі.
5.2. Акция аясында сымсыз құлаққаптарды тазалау қызметі (құлаққап торларын тазалау, зарядтау кейсін
тазалау), сондай-ақ басқа Құрылғылардың бетін бөлшектемей дезинфекциялау қызметі ақысыз ұсынылады.
Құрылғы ақаулы күйде болған жағдайда, АСО ақысыз тазалау қызметін көрсетуден бас тартуға құқылы.
6. Сыйлықтар саны шектеулі. Ұсыныс АСО-дағы сыйлықтар қоры таусылғанға дейін жарамды және қосымша
ескертусіз тоқтатылуы мүмкін. АСО сыйлықты Клиентке өз қалауы бойынша ұсынады.
7. Клиент осы Шарттардың 5-тармағында көрсетілген қызметтерді пайдаланған жағдайда және Акция өткізу
мерзімі (осы Шарттардың 3-тармағына сәйкес) ішінде бір (1) сыйлық алуға құқылы.
8. Ұйымдастырушы алдын ала хабарламай-ақ, соның ішінде Акцияны мерзімінен бұрын тоқтатуды қоса
алғанда, осы Шарттарға өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.