Жақтаусыз AMOLED экраны 1,74 дюйм |
Bluetooth арқылы қоңыраулар | Жылдам жаттығу анимациясы
HUAWEI WATCH FIT 2 сағатына ғашық болудың 6 себебі
SpO2 автоматты бақылау1
Стильді дизайн және ыңғайлы басқару
1,74 дюймдік жақтаусыз AMOLED экранымен жабдықталған HUAWEI WATCH FIT 2 смарт сағаты барлық қажетті ақпаратқа оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ақылды сағат жаттығулардан бастап кіріс қоңырауларға жауап беруге дейінгі әртүрлі жағдайларда пайдалы болады.
Кез келген талғамға арналған циферблаттар
HUAWEI WATCH FIT 2 циферблаттар дүкенінде ұсынылған барлық нұсқаулар үшін басбет-циферблат функциясын3 қолдайды. Смарт сағат интуитивті түсінікті интерфейс арқылы оңай басқаруға болатын көптеген функцияларды қолдайды.
Баулардың үлкен таңдауы
Active нұсқасы байсалды стиль мен тегіс бітіммен ерекшеленеді, ал Classic нұсқасы табиғи былғарыдан жасалған асыл бітіммен көздің жауын алады. Сізге лайықты материалды (силикон немесе былғары) және түсті (баулар 5 түсте ұсынылған) таңдаңыз және смарт-сағатыңыз сіздің кейіпіңізді толықтыратын талғампаз аксессуарға айналады.
Бауларды ыңғайлы ауыстыру
HUAWEI WATCH FIT 2 бауларды оңай ауыстыруға мүмкіндік беретін инновациялық бекіту конструкциясымен жабдықталған4, Басқа түсті бауды қолданғыңыз келе ме? Бір рет басу арқылы бауды шешіп алыңыз, содан кейін жаңасын бекітіңіз.
Бір рет түрту арқылы файлдарды тасымалдау
Смартфоннан кескінді сағат циферблаты ретінде орнатыңыз. Бір рет түрту арқылы5 файлдарды мобильді құрылғыдан сағатқа тасымалдаңыз және оларды үлкен төртбұрышты экраннан қараңыз. Енді дисплейде одан да көп контент көрсетіледі.
Батареяның ұзақ
қызмет ету мерзімі
Смарт сағат батареясының толық заряды 10 күн қалыпты пайдалану немесе 7 күн қарқынды пайдалану үшін жеткілікті6. Құрылғыңызды батарея деңгейі туралы алаңдамай, кез келген уақытта, кез келген жерде киіп жүріңіз. Ақылды сағатты 5 минут зарядтаңыз және оны күні бойы пайдаланыңыз7.
Белсенді өмір салтын ұстаныңыз
Смарт сағат жүгіру, велосипед тебу және жүзуді қоса алғанда, 7 жаттығу режимі үшін бой қыздыруға арналған анимациялық кеңестер мен дауыстық нұсқаулар беру арқылы жаттығулардың11 тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Аз қозғалысты өмір салтын ұстанасыз ба? Бой қыздырудың уақыты келді!
HUAWEI WATCH FIT 2 сіздің физикалық күйіңізді қадағалайды және қозғалу қажеттілігін еске түсіретін дауыстық сыбырларды ойнатады.
97 жаттығу режимі
Құрылғы әрдайым керемет физикалық күйде болуға көмектесетін 97 жаттығу режимін ұсынады.
Дербес
жаттықтырушы
Ақылды сағат сонымен қатар HUAWEI Денсаулық қосымшасындағы ақпаратты қолдана отырып жасалған жеке жаттығу жоспарларын синхрондауға мүмкіндік беретін жүгіру кезінде сіздің жеке көмекшіңізге айналады. Жүгіру индексі, жаттығу жүктемесі, қашықтық, тамырдың соғуы және ырғағы сияқты деректерді талдау жүгіру сессиясының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Орналасқан жерді анықтау
Смарт сағат орналасқан жерді анықтау қызметтерін (GPS, Beidou, GLONASS, Galileo және QZSS) және кедергіге қарсы функцияны қолдайды. Орналасқан жеріңізді анықтаңыз және жаңа бағыттарды зерттеңіз. Бағыттарды импорттау мен экспорттаудың инновациялық функциясы достарыңызбен бағыттарды оңай бөлісуге мүмкіндік береді.
Денсаулық
күйін қадағалау
HUAWEI WATCH FIT 2 қандағы оттегі мен тамырдың соғу жылдамдығын өлшеу, ұйқының уақыты мен фазаларын бақылау және стресс деңгейін анықтау сияқты денсаулығыңызды бақылауға мүмкіндік беретін зияткерлік функцияларды қолдайды.
Салауатты өмір
салтын қалыптастыру
Ақылды сағаттар ұйқы режимі мен ояну уақытын реттеуге, жеткілікті су ішуге және жаттығулар жасау сияқты күнделікті өмірге пайдалы әдеттерді енгізуге көмектеседі. HUAWEI Денсаулық қосымшасында күнделікті тапсырмаларды баптауға болады. HUAWEI WATCH FIT 2 көмегімен эмоционалды және физикалық күйіңізді сақтаңыз.
Тамыр соғу
жиілігін дәл өлшеу
HUAWEI WATCH FIT 2 денеңіздің қалпына қарамастан тамырдың соғуын үздіксіз қадағалайды. Ақылды сағат тамыр соғудың шекті мәннен асып кетуі және тыныштық күйінде жүрек жиырылу жиілігі тым төмен болған кезде хабарлайды12.
Қандағы оттегі деңгейін тәулік бойы бақылау
Қандағы оттегінің деңгейі (SpO2) — бұл тыныс алу жүйесінің денсаулығы мен метаболизмін бағалауды қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіш. Смарт сағатта тәулік бойы қандағы оттегінің деңгейін бақылайтын жоғары дәлдіктегі1 датчикпен жабдықталған. Бұл көрсеткіш тым төмен болған кезде құрылғыда хабарландырулар көрсетіледі.
Ерекше күндерге
дайындық
Етеккір циклін оңай қадағалаңыз және цикл фазалары туралы ақпарат алыңыз. Ақылды сағат сізге етеккірдің жақындағаны туралы алдын-ала хабарлайды11.
Ұйқы фазалары мен
уақытын бақылау
HUAWEI TruSleep™ 2.0 технологиясы ұйқының фазалары мен уақытын қадағалайды. Ол ұйқының 6 мәселесін тануды қолдайды және ұйқының сапасын жақсарту үшін 200-ден астам ұсынымдар ұсынады. Технология түнде ұзақ ұйықтау және күндізгі қысқа демалу кезінде деректерді бақылауға және жазуға мүмкіндік береді.
Стресс деңгейін
анықтау
HUAWEI TruRelax™ технологиясы күні бойы сіздің стресс деңгейіңізді сәйкестендіреді және босаңсуға және тыныштандыруға мүмкіндік беретін тыныс алу жаттығуларын ұсынады.
Бірегей кейіпті жасаңыз4
Сіздің стиліңізді бейнелейтін сағатты таңдаңыз*Active нұсқасының смарт-сағаттарына бауларды орнату үшін бекіткішті бөлек сатып алу қажет. Classic нұсқасының сағат бауларды стандартты бекіткішпен жабдықталған.
- Қанның оттегімен қанығу деңгейі (SpO2) — бұл қандағы оттегімен қаныққан гемоглобиннің пайыздық мөлшері. Басқаша айтқанда, бұл қандағы оттегінің мөлшері. Деректер мен өлшеу нәтижелері анықтама үшін берілген және оларды медициналық мақсатта пайдалануға болмайды.
- Экранның пайдалы ауданы HUAWEI WATCH FIT сағатына қарағанда 18,6%-ға артық. Деректер HUAWEI зертханасынан алынған. Нақты сипаттамалары әртүрлі болуы мүмкін.
- Циферблаттарды HUAWEI циферблаттар дүкенінен жүктеуге болады. Кейбір циферблаттарды бөлек сатып алу керек. Бұл функция кейбір елдер мен аймақтарда ғана қолданылады.
- Функциялардың қол жетімділігі ел мен аймаққа байланысты. Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін HUAWEI ресми веб-сайтына кіріңіз.
- Смартфонға түсірілген фотосуреттерді HUAWEI Денсаулық қосымшасы немесе циферблаттарға арналған OneHop функциясы арқылы циферблат ретінде сағаттарға орнатуға болады. Циферблаттарға арналған OneHop функциясына тек NFC және EMUI 11 және одан жоғары ОЖ қолдайтын HUAWEI смартфондарында қолдау көрсетіледі. Active нұсқасының сағаты циферблаттарға арналған OneHop функциясын қолдамайды.
Бұл функция кейбір елдер мен аймақтарда ғана қолданылады. - Қалыпты қолдану: 10 күн. Әдепкілік бойынша баптаулар қолданылады, аптасына 30 минут Bluetooth қоңыраулары, аптасына 30 минут аудио ойнату, тамыр соғуды, ұйқы фазалары мен уақытын бақылау функциялары, аптасына 30 минут жаттығу, хабарландырулар қосулы (күніне 50 SMS, 6 қоңырау және 3 оятқыш) және экран күніне 200 рет іске қосылады.
Қарқынды пайдалану: 7 күн. Әдепкілік бойынша баптаулар қолданылады, аптасына 30 минут Bluetooth қоңыраулары, аптасына 30 минут аудио ойнату, тамыр соғуды, HUAWEI TruSleep™ ұйқы фазалары мен уақытын бақылау функциялары, аптасына 60 минут жаттығу, хабарландырулар қосулы (күніне 50 SMS, 6 қоңырау және 3 оятқыш) және экран күніне 500 рет іске қосылады.
Деректер HUAWEI зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Нақты деректер құрылғыға, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін. - Деректер HUAWEI зертханасында қоршаған ауа температурасы 25 ± 1℃ және салыстырмалы ылғалдылығы 45% -дан 80%-ға дейін бақыланатын жағдайларда жүргізілген сынақтар нәтижесінде алынған. Зарядтау құрылғы 3% зарядталғанда, күту режимінде болғанда және оның экраны өшірілгенде басталды. Нақты деректер өнімге, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін.
- Бұл функцияға сағат смартфонмен жұптастырылған кезде ғана қолдау көрсетіледі.
- Хабарламаларға жылдам жауап жіберу функциясы тек Android 8.0 және одан жоғары смартфондарда қол жетімді.
- IOS негізіндегі құрылғылар музыкалық композицияларды синхрондауды қолдамайды. Бұл функция (5000-нан астам композиция) онлайн жаңартудан кейін қол жетімді болады.
- 7 стандартты жаттығу режимі: сыртта жүгіру, жүгіру жолында жүгіру, ашық ауада велосипедпен жүру, велоқұрылғы, бассейнде жүзу, ашық суда жүзу және секірмек.
- Бұл функция HUAWEI Денсаулық қоымшасында Құрылғылар > Денсаулық күйін бақылау > Тамыр соғуын үздіксіз бақылау бөліміне өту арқылы қосуға болады.
- Функциялар ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін медициналық мақсатта қолдануға арналмаған. Барлық деректер мен өлшемдер анықтама үшін берілген.