HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium

HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Key Vision
HUAWEI WATCH GT 3 Pro
Жоғары сапалы материалдар, премиумдық дизайн1
14 күнге дейін қосымша зарядтаусыз жұмыс11
HUAWEI WATCH GT 3 Pro стильді дизайн мен жоғары технологияны біріктіреді. Ақылды сағат денсаулық күйі мен физикалық дайындықты бақылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар әртүрлі жаттығу режимдерін қолдайды.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Key ID
Жоғары сапалы материалдар,
премиумдық дизайн
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium High Grade Material
Android және iOS
ОЖ үйлесімділігі
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Compatible with iOS and Android phone
Қосымша
зарядтаусыз 14
күнге дейін
жұмыс11
IP685
су өткізбеушілік дәрежесі
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Workout Mode
Стильді сыртқы көрінісі Тегіс титан корпусы бар смарт сағат іскерлік немесе спорттық кейіпіңізге тамаша сәйкес келеді.
Жиектер мен бұрыштарды жоғары дәлдікпен өңдейтін модельдің минималистік дизайны титаннан жасалған. Сапфир шыныдан жасалған циферблат2 жоғары беріктікке ие.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Sequence Frame 1
Титаннан жасалған бұрылмалы батырмасының жылтыр беті қолдың әр қимылымен құрылғыға көздің жауын алады.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Sequence Frame 2
Нанокристалды керамикалық артқы панель құрылғыны киген кезде жайлылықты қамтамасыз етеді.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Sequence Frame 3
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium  SKU
Сұр былғары бау3
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium  SKU
Фторэластомерден жасалған қара бау3
Кез келген жарықта сенімді жұмыс Жарқын флуоресцентті циферблаттар тіпті қараңғыда да сағатты қолдануға ыңғайлы етеді. Барлық маңызды ақпарат экран басбет-циферблатта көрсетіледі.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Dials
Сұр былғары бау3
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Dials
Фторэластомерден жасалған қара бау3
Үлкен таңдау. Галереядан кескінмен циферблатты орнатыңыз немесе циферблат дүкенінде ұсынылған кең топтамадан4 өзіңізге ұнайтын циферблатты таңдаңыз Жарқын AMOLED экраны бар смарт сағат кез келген кейіпке сәйкес келеді.
Су асты әлемін зерттеңіз HUAWEI WATCH GT 3 Pro IP68 стандартына және 5 АТМ су өткізбеушілік деңгейіне сәйкес келеді, олар 30 метр5 тереңдікке дейін 200 сүңгуге арналған.
Қауіпсіз сүңгу
Сүңгу деректері экранда нақты уақыт режимінде көрсетіледі (мысалы, сүңгу жылдамдығы, тереңдігі және ұзақтығы туралы ақпарат).
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Diving Data
Құрылғы қауіпсіздік техникасы туралы хабарламаларды да көрсетеді (мысалы, егер сіз тым тереңге сүңгісеңіз немесе тым ұзақ су астында қалсаңыз).
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Diving Warning
Жаттығу ілгерілеуін қадағалаңыз
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Diving Traning
Ақылды сағат спорттық жетістіктерді бақылауға мүмкіндік беретін сүңгу деректерін (ұзақтығы мен тереңдігі сияқты) бекітеді. Тыныс алудағы іркіліс режим сүңгу кезінде уақыт аралығын6 арттыруға көмектесетін тамыр соғу жиілігін, тыныс алудағы іркіліс ұзақтығын және диафрагманың жиырылуының басталу уақытын тіркеуге мүмкіндік береді.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium 100+ Sport Mode HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium 100+ Sport Mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium 100+ Sport Mode
100-ден астам жаттығу режимі
100-ден астам жаттығу режимін (мысалы, жүгіру, велосипедпен жүру, құзға өрмелеу, жүзу және т.б.) қолдайтын ақылды сағаттармен жаттығулар жасаңыз да, жаңа бағыттарды зерттеңіз. Жүгіру сессиялары кезінде құрылғы жүгіру индексі және жаттығу жүктемесі сияқты деректерді жазып, спортпен шұғылданудың тиімділігін арттыруға және жүктемені дұрыс таңдауға көмектеседі. Жүгіруден ләззат алыңыз және достарыңызбен бағыттармен бөлісіңіз!
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Golf Traning Mode
Гольф чемпионы болыңыз Ақылды сағат свинг жылдамдығы мен қарқынын, сермеу мен гольф сырғытпа таяғымен сілтеу уақытын белгілейді. Драйвинг-рейндж режимінде зияткерлік алгоритм сіздің денеңіздің күйін талдайды және техникаңызды жетілдіру үшін гольф сырғытпа таяғын қалай дұрыс ұстау және пайдалану керектігі туралы нұсқаулар мен кеңестер береді.
Денсаулық күйін қадағалаңыз HUAWEI WATCH GT 3 Pro ЭКГ-ны1 өлшеу, тамыр соғуды бақылау, қандағы оттегі деңгейін анықтау, ұйқы фазалары мен уақытын бақылау, стресс деңгейін анықтау және т. б. сияқты зияткерлік функциялар арқылы денсаулықтың маңызды көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік береді.
Нақты уақыттағы тамыр соғуды
бақылау және хабарландыру
HUAWEI TruSeen™ 5.0+ тамыр соғу жиілігін бақылау технологиясы шеңбер бойымен орналасқан сегіз фото датчиктің арқасында сигналдың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Ал инновациялық алгоритм кедергілерді сүзеді. Құрылғы 24/7 тамыр соғуды үздіксіз бақылауды және нақты уақыт режимінде шекті мәндерден асып кету туралы хабарландыруларды жіберуді қолдайды.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Heart Rate
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Heart Rate
HUAWEI TruSeen™ 5.0+ технологиясы қандағы оттегі деңгейін (SpO2)7 өлшеуге мүмкіндік береді. HUAWEI WATCH GT3 Pro сағатымен бірге денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Health SPO2 Analysis
Ұйқы фазалары мен уақытын бақылау
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Sleeping Management
HUAWEI TruSleep™ 2.0 технологиясы  ұйқының фазалары мен сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, ғылыми ұсынымдар береді.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Presure Management
Стресс деңгейін анықтау функциясы8  ең күптігей сәттерде сабырлы болуға және тыныс алу жаттығулары арқылы босаңсуға көмектеседі.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Daily Goals
Healthy Living9  функциясын қолданыңыз және пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін тапсырмаларды орындаңыз (мысалы, ұйқы режимін, жеткілікті су ішуді және үнемі жаттығуды реттеңіз).
Одан да пайдалы
функциялар ашыңыз
Батареяның ұзақ қызмет ету мерзімі және жылдам зарядтау функциясын қолдау ақылды сағатты кез келген уақытта, кез келген жерде пайдалануға мүмкіндік береді. Смарт сағатты зарядтау жылдамдығы 30%-ға ұлғайтылғын, бұл құрылғыны 10 минут ішінде 25%-ға және небәрі 85 минутта 100%-ға зарядтауға мүмкіндік береді10. Сағат қосымша зарядтаусыз 14 күнге дейін жұмыс істей алады11.
14күн
Қалыпты пайдалану кезінде
батареяның қызмет ету мерзімі11
8күн
Қарқынды пайдалану кезінде
батареяның қызмет ету мерзімі10
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Wireless Charge And Battery Life
Ақылды сағаттарға арналған AppGallery қосымшалар дүкенінен  үшінші тарап қосымшаларын жүктеңіз12.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium App Market
Ақылды сағаттар арқылы қоңырауларға жауап беріңіз. Кіріс қоңырауларға жауап беріңіз немесе қабылдамаңыз, жылдам жауаптар жіберіңіз және қоңыраулар журналын қараңыз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium BT Calling
Сүйікті музыкаңыздан ләззат алыңыз. Композицияларды смартфонмен синхрондаңыз және ақылды сағат көмегімен жаттығу кезінде аудио ойнатуын басқарыңыз13. Bluetooth құлаққаптарын киіп, сүйікті шығармаларыңызды тыңдаңыз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Music
Ыңғайлы жұптастыру. HUAWEI WATCH GT 3 Pro HUAWEI құрылғыларымен, iOS және Android платформаларында смартфондармен жұптастыруды қолдайды14.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Titanium Multi Devices Support
  1. Құрылғы медициналық мақсатта пайдалануға арналмаған. Нәтижелер анықтамалық болып табылады және диагноз қою үшін қолданыла алмайды. Құрылғы 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға және аритмиядан зардап шегетін адамдарға арналмаған. Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
  2. Корпустың артқы панелі жасанды сапфир шыныдан жасалған. Тек Android 8.0 немесе одан кейінгі нұсқасы, iOS 9.0 немесе HUAWEI Health қосымшасы орнатылған кейінгі нұсқасы бар мобильді телефондарда қолдау көрсетіледі. Сағаттың функциялары телефон моделіне байланысты өзгеруі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://consumer.huawei.com/en/support/content/en-us15888447/.
  3. Стандарттан тыс баулар бөлек сатылады.
  4. Циферблаттарды HUAWEI циферблаттар дүкенінен жүктеуге болады. Кейбір циферблаттар ақылы түрде орнатылуы мүмкін.
  5. Құрылғы IEC 60529:2013 стандартына сәйкес IP68 су мен шаңға өткізбеушілік деңгейіне және 5 АТМ суға төзімділік деңгейіне сәйкес келеді. 5 ATM суға төзімділігіне сәйкес келетін құрылғылар ISO 22810:2010 стандартына сәйкес 50 метр су өткізбеушілік деңгейіне ие. Сағатты таяздықта — бассейнде немесе теңізде жүзу кезінде пайдалануға болады. Құрылғы EN13319 стандартына сәйкес келеді және оны 30 м тереңдікке сүңгу кезінде қолдануға болады. Құрылғыны душта, ыстық бұлақтарда, саунада, ваннада, мұнарадан секіру кезінде, терең суға сүнгу кезінде және судың қысымы, температурасы мен ылғалдылығы жоғары, су ағындары жеткілікті жылдам болатын басқа жағдайларда пайдалану ұсынылмайды. 30 м-ден астам тереңдікке сүңгу және дайвинг кезінде құрылғыны пайдалану ұсынылмайды. Теңіз суы түскеннен кейін құрылғыны тұщы сумен шайыңыз. Жүзу және қарқынды жаттығулар кезінде былғары және металл бауларды пайдалану ұсынылмайды. Осы мақсаттар үшін басқа материалдан жасалған бауды пайдаланыңыз. Сағаттың су өткізбеушілігі туралы қосымша ақпарат алу үшін Huawei ресми веб-сайтына өтіңіз. Су өткізбеушілік сипаттамалары тұрақты болып табылмайды және күнделікті пайдалану кезінде нашарлауы мүмкін.
  6. Тыныс алудағы іркіліс жаттығуларын жату қалыбында немесе еденде отыру кезінде орындау ұсынылады. Тыныс алудағы іркіліс жаттығуларын суда жалғыз болған кезде орындамаңыз. Жаттығуды сақтықпен орындаңыз. Сынақты кәсіби маманның қатысуымен орындау ұсынылады. Тыныс алудағы іркіліс сынағын шалқасынан жатып орындау ұсынылады. Сынақты суда болған кезде жасамаңыз, себебі бұл таяз тереңдікте естен тануға әкелуі мүмкін. Сынақты кәсіби маманның қатысуымен орындау ұсынылады.
  7. Қандағы оттегінің деңгейі сіз тыныштық күйінде болған кезде автоматты түрде өлшенеді. Құрылғы медициналық мақсатта пайдалануға арналмаған. Деректер мен өлшеу нәтижелері анықтама үшін берілген және оларды медициналық мақсатта пайдалануға болмайды. Қандағы оттегінің деңгейі (SpO₂) — бұл қандағы оттегімен қаныққан гемоглобиннің пайыздық мөлшері. Басқаша айтқанда, бұл қандағы оттегінің мөлшері.
  8. Қысым сіз тыныштық күйінде болған кезде автоматты түрде өлшенеді. Қозғалыс кезінде қысымды өлшеуге қолдау көрсетілмейді. Құрылғы медициналық мақсатта пайдалануға арналмаған. Деректер мен өлшеу нәтижелері анықтама үшін берілген және оларды медициналық мақсатта пайдалануға болмайды.
  9. Healthy Living функциясын пайдалану үшін HUAWEI Денсаулық қосымшасын орнату қажет.
  10. Деректер HUAWEI WATCH GT 3 Pro және HUAWEI WATCH GT 2 Pro зарядтау жылдамдығын салыстыру кезінде HUAWEI зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Нақты өнімділік пен деректер құрылғының моделіне және сынақ шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.
  11. Деректер HUAWEI зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Нақты деректер өнімге, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін.
    Батарея келесі жағдайларда қосымша зарядтаусыз 14 күн жұмыс істей алады: құрылғы Bluetooth қоңырауларын орындау үшін апта сайын 30 минут, музыканы ойнату үшін апта сайын 30 минут пайдаланылады, тамыр соғуды бақылау функциясы әрқашан қосулы, HUAWEI TruSleep™ қосулы, апта сайын 90 минут жаттығулар орындалады (GPS-навигатор қосулы), хабарламалар туралы хабарландырулар қосулы (күніне 50 SMS хабарлама, 6 қоңырау және 3 оятқыш), экран күніне 200 рет іске қосылады.
    Батарея келесі жағдайларда қосымша зарядтаусыз 8 күн жұмыс істей алады: аптасына 30 минут Bluetooth қоңыраулары, аптасына 30 минут музыка ойнату, тамыр соғуды өлшеу функциясы қосулы, ұйқы кезінде HUAWEI TruSleep™ функциясы қосулы, стресс деңгейін қадағалау функциясы қосулы, аптасына 180 минут жаттығу (GPS-навигаторы қосулы), хабарламалар туралы хабарландырулар қосулы (күніне 50 SMS хабарлама, 6 қоңырау және 3 оятқыш), экран күніне 30 минут ішінде қосулы.
  12. Үшінші тарап қосымшаларын HUAWEI Денсаулық қосымшасындағы сағаттарға арналған AppGallery-ден жүктеу керек. Бұл функция iOS ОЖ құрылғылары қолдамайды.
  13. IOS ОЖ құрылғыларынан музыканы импорттауға қолдау көрсетілмейді.
  14. Сағаттың функциялары смартфон моделіне байланысты өзгеруі мүмкін.
Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Қайту Жалғастыру