HUAWEI WATCH FIT 4 Pro

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro KV

Таза ауада спортпен айналысуға арналған кәсіби режимдер | Сапфир шыны және титан корпусы1 | Гольф алаңдарының карталары2 | 10 күнге дейін қуаттаусыз жұмыс істеу3

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Foreword
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Foreword
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Foreword
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Foreword
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Foreword
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Foreword
Дағдыларыңыз бен спорттық көрсеткіштеріңізді арттырыңыз, кәсіпқой болыңызСтиль мен беріктіктің үйлесіміМүмкін болатын нәрсенің шекарасын бұзатын сағатСенімділіктің жүзеге асуы Дағдыларыңыз бен спорттық көрсеткіштеріңізді арттырыңыз, кәсіпқой болыңыз Стиль мен беріктіктің үйлесімі Мүмкін болатын нәрсенің шекарасын бұзатын сағат Сенімділіктің жүзеге асуы

Сапфир шыны және титан корпусы1

Жеңіл және ыңғайлы

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Pro-level Outdoor Sports

Таза ауада спортпен айналысуға арналған кәсіби режимдер

Денсаулыққа мониторинг жүргізуге арналған
HUAWEI TruSense жүйесі

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery

10 күнге дейін қуаттаусыз жұмыс істеу3

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery

60 минут4

Толық қуатталу үшін

10 күнге дейін жұмыс істеу3

Қосымша қуаттаусыз

7 күнге дейін жұмыс істеу3

Стандартты
пайдалану жағдайында

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Compatibility

iOS және Android
жүйелерімен үйлесімділік5

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Colours

Көлемді
фактуралы бау

Pемешок

Жасыл

Қара

Көк

Жеңіл, су өткізбейтін6 нейлон бау күні бойы жайлылықты қамтамасыз етеді және теріңіздің тыныс алуына мүмкіндік береді. Тіпті жаттығу кезінде де ешқандай ыңғайсыздық жоқ.

Бұл фторэластомер бау керемет көрінеді, білегіңізде жақсы сезіледі және суға тиген кезде де берік болып қалады.

Жаңа фторэластомер баумен теңіздер мен мұхиттардың толқындарын бағындырыңыз.

Жеңіл және ыңғайлы

Қалыңдығы 9,3 мм,7 салмағы небәрі 30,4 г8 және қызықты бөлшектері бар ерекше құрылымды дизайны бар сүйір пішінді корпус жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді және стильді ерекшелейді.

Бұрынғыдан да берік

Кез келген жағдайда ыңғайлы пайдалану үшін барлық зақымдардан үш еселік қорғаныс.

550 МПа аса берік алюминийден жасалған корпус — жеңіл және тозуға төзімді

Титан қорытпасынан жасалған безель — мықты және коррозияға төзімді

Сапфир әйнектен жасалған экран9 — керемет беріктік және сенімділік

Таңғажайып
жарықтық

Қоршаған ортаның жарық кезінде де анық кескіндерді беретін 3000 нит10 ең жоғары жарықтығы бар экранды пайдаланудан қуаныш сезініңіз.

3000 нит

Сертификат EN 1331911

40 м тереңдікке бату кезіндегі су өткізбеушілік

IP6X12

шаңнан қорғаныс

Гольф

Өзіңіздің гольф ойнау
нәтижелеріңізді жақсартыңыз

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Golf Courses

Білектегі гольф алаңдарының карталары:
бүкіл дүние жүзі бойынша 1500 аса гольф алаңдарына,2 фервейлердің 3D түрлері мен грин мен бункерлер туралы толық ақпаратқа қол жеткізіңіз.13

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Smart Distance Measurements

Қашықтықтарды ақылды өлшеу: картадағы кез келген нүктеге дейінгі қашықтықты, гринге дейінгі қашықтықты көру және соққылар бойынша ұсыныстар алу үшін сағат экранын түртіңіз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Fine-tune Your Golf Swing

Өзіңіздің ойын техникаңызды жетілдіріңіз: алаңда сәтті ойын көрсетуге көмектесетін жел бағыты және грин мүмкіндіктері сияқты пайдалы ақпаратты алыңыз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Handy Digital Scorecard

Ыңғайлы есептік карталар: әрбір шұңқыр үшін нәтижелерді жазу сіздің жетістіктеріңізді мұқият бақылауға мүмкіндік береді.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Post-game Analysis

Әр ойыннан кейінгі егжей-тегжейлі талдау: негізгі деректерге негізделген гандикап, фервейге түсу пайызы және гринге тигізу пайызы сияқты кәсіби көрсеткіштерді, соның ішінде жалпы соққылар, патт, айыппұл соққылары мен фервейге түсудің жалпы санын қосқанда, жан-жақты талдау арқылы ойындарыңыздың өнімділігін жақсартыңыз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Dynamically Animation

Нәтижелеріңізбен динамикалық анимация форматында бөлісіңіз: сіз доптың ұшу траекториясын көре аласыз және анимацияны HUAWEI Денсаулық қосымшасында бөлісе аласыз.

Фридайвинг

Тереңдіктегі дайвинг

Тереңдікті тексерудің жаңа функциясы:
40 метрге дейінгі тереңдікке сүңгуді бақылауға арналған арнайы сенсор мен сағаттың су өткізбейтіндігі арқасында сіз енді су астына сенімді әрі сабырлы түрде сүңги аласыз.11
Сертификатты қарау +

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Apnea Training and Testing

Сүңгуге дайындалу үшін күнделікті жаттығулар: жүректің соғу жиілігін, SpO2 деңгейін және тыныс алуды тоқтату ұзақтығын өлшейтін апноэ жаттығуы және апноэ тестілеуі14 сияқты мүмкіндіктердің көмегімен тыныс алу дағдыларыңыз бен төзімділігіңізді жақсартыңыз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Take the Plunge

Жаттығулар барысын бақылаңыз: сүңгуді жақсарту үшін кідіру таймері және су түрін анықтау сияқты кәсіби деңгейлі функцияларды пайдаланыңыз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Personalised Safe Diving

Қауіпсіз сүңгу үшін жекелендірілген параметрлер: сіз сүңгуір параметрлерін реттей және тым терең немесе тым ұзақ сүңгу кезінде автоматты хабарландыруларды ала аласыз.

Кросс жүгіру

Қозғалу кезінде тұрған
жерді нақты анықтау

Жаңа барометр:
жаңа барометр және HUAWEI Санфлауэр геопозициялау жүйесі сияқты заманауи технологияларды пайдаланыңыз, бұл сіздің орналасқан жеріңіз бен ауа-райы туралы пайдалы ақпаратты білегіңізден алуға мүмкіндік береді.
Сертификатты қарау +

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Precise Navigation

Дәл навигация: барометр және HUAWEI WATCH FIT 4 Pro құрылғылары жабдықталған HUAWEI Санфлауэр геопозициялау жүйесі картада нақты орналасқан жеріңізді көруге, жолыңызды қадағалауға және еңіс туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Сіз нақты уақыт режимінде өзіңіздің спорттық көрсеткіштеріңізді көре аласыз, кескіндер бойынша навигацияны пайдалана аласыз, қалған қашықтық пен белгіленген нүктелерге дейінгі көтерілу деңгейі мен соңғы нүктеге дейінгі болжалды жету уақыты сияқты маршрут деректерін қадағалай аласыз.15

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Marvellous Maps

Ыңғайлы карталар: егжей-тегжейлі рельеф құрылымы, биіктіктер және маршрут деректері бар контурлық карталарды зерттеңіз және Интернетке қосылу болмаған кезде де бағдарлау үшін импортталған маршруттарды пайдаланыңыз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro  Track

Дұрыс жолда қалыңыз: HUAWEI WATCH FIT 4 Pro дауыстық хабарландырулар мен діріл ескертулерін береді, сондай-ақ адасып қалсаңыз, картадағы көрсеткі арқылы дұрыс бағытты көрсете алады.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Post-game Analyst

Жаттығудан кейінгі деректерді дербес талдау: ғылыми зерттеулерге негізделген деректер мен ұсыныстарды пайдалана отырып, картада маршрутыңызды қайта жасаңыз және ағзаңыздың күйін қалпына келтіріңіз.

Жаттығулардың
жаңа дейгейі

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Mountaineering Shooting

Тауларды
еңсеру

Жаңа және жетілдірілген барометр және тауға өрмелеу, хайкинг, шаңғы тебу және триатлон сияқты жаттығу режимдері арқылы сіз жаңа белестерді еркін еңсере аласыз.

Альпинизм

хайкинг

шаңғы тебу

триатлон

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Mountaineering Shooting
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Positioning Shooting

Сіздің ізіңізбен

HUAWEI Санфлауэр геопозициялау жүйесі жаңа Санфлауэр антеннасы және Huawei компаниясының эксклюзивті бейімделу алгоритмі негізінде жұмыс істейді, ол жүгіру, серуендеу және велосипедпен жүру сияқты таза ауада жаттығулар кезінде оңтайлы орналасуды қамтамасыз ету үшін спутник сигналдарын интеллектуалды түрде бақылайды.

Таза ауада жүру

Таза ауада велосипед тебу

Таза ауада жүгіру

Жүгіру жолында жүгіру

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Positioning Shooting
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Water Route Tracking

Маршрутты суда да бақылау

Су спорты түрлері үшін жаттығулардың режимдері: сағат судағы жаттығулар, соның ішінде серфинг, желкенді жүзу спорты, рафтинг, қайықпен жүзу және каякинг үшін маршрутты бақылау функциясын қолдайды.

Желкенді спорт

Тұрып есу

Қайықпен жарыс

Есу

Моторлы қайық тебу

Рафтинг

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Water Route Tracking
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workouts

Жаттығулардың көптеген режимдері

Жұмысты бағалау, пайдалы кеңестер және 100-ден астам жаттығу режиміне қолдау көрсету арқылы сіз өзіңіздің сүйікті белсенділік түрлерінен, мейлі ол баскетбол немесе падел-теннисі болсын, ләззат ала аласыз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workout Functions Running Monitors

Смарт-сағат жүгірушілер бағалайтын тағы бір пайдалы функцияны қолдайды – жүгіру техникасын талдау. Ол барлық деңгейдегі жүгірушілерге кәсіби қолдау көрсетеді, олардың жаттығуларының тиімділігін арттыруға және жарақат алу қаупін азайтуға көмектеседі.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workout Functions Huawei Health App

Велосипедпен жаттығуды бастағанда, HUAWEI Денсаулық қосымшасы сағатыңызда автоматты түрде іске қосылып, смартфонды велосипедіңізге арналған борттық компьютерге айналдырады. Сондай-ақ HUAWEI Денсаулық қосымшасында велосипед режимін қосуға және екі құрылғыда деректерді нақты уақытта бақылауға болады.16

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro More Workout Functions Stay Fit app

"Бойыңды сергек ұста" қосымшасы арқылы тұтынылатын және күйген калориялар санын қадағалаңыз. Жаңа тағамдар кітапханасының көмегімен сіз тағам туралы ақпаратты тікелей сағатыңызға оңай енгізе аласыз.17 Барлық тұтынылатын калориялар және калория тапшылығы туралы деректер автоматты түрде есептеледі.

Белсенділік сақиналарын
толтырыңыз

Салауатты өмір салтының әдеттерін қалыптастыруға көмектесу үшін "Белсенділік сақиналарының" келесі буыны үшін жұмсалған калориялар, жаттығу уақыты және белсенді сағаттар үшін күнделікті мақсаттар қойыңыз. Сағат сізді алға жылжытуға ынталандыру үшін нақты уақытта сіздің мақсаттарыңызға жетуіңіз туралы ақылды еске салғыштар мен хабарландырулар жібереді.

Видео көру
Денсаулық мониторингі

Сенуге болатын деректер

Жарық ағындарының көп аймақты және көп кеңістіктік архитектурасын, сондай-ақ әйнекті қараңғылаудың озық технологиясын біріктіріп пайдалану смарт-сағаттарда денсаулық көрсеткіштерін өлшеуге кәсіби тәсілді енгізуге мүмкіндік берді, бұл оны дәлірек және жылдамырақ етеді. HUAWEI TruSense жүйесі алты негізгі дене жүйесін, соның ішінде респираторлық, жүйке және эндокриндік жүйелердің көрсеткіштерін өлшей алады. Оның арқасында тиімді денсаулық сақтаудың заманауи цифрлық технологиялары жақындай түсті және қолжетімді болды.19

«ЭКГ» қосымшасы

Жақсартылған электрод технологиясы ЭКГ жазу процесін дәлірек етті. Синус ырғағын анықтау, жүрекшелердің фибрилляциясын (жыбырлақ ырғақсыздық) немесе басқа ауытқуларды анықтау үшін саусағыңызды сағаттың бүйірінде орналасқан электродта 30 секунд ұстаңыз.18
"ЭКГ" қосымшасы және ол қолданылатын елдер мен аймақтар тізімі туралы көбірек біліңіз

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro ECG APP

25 sec

78 bpm

Жүрек соғу толқыны мен аритмия талдауы

Арнайы ФПГ-датчигінің арқасында жүрекшелер фибрилляциясының (жыбырлақ ырғақсыздық) белгілері және экстрасистолия қаупі туралы уақтылы хабарландырулар алу арқылы өзіңіздің жүрек-қан тамырларының денсаулығын бақылаңыз.19
Бұл функция қолданылатын елдер мен аймақтардың тізімі

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Pulse Wave Arrhythmia Analysis

Сізді түсінетін
сағат

Бұл смарт-сағат HUAWEI TruSense және "Эмоциялар" қосымшасымен жабдықталған,20 бұл сіздің көңіл-күйіңізді бақылауға және эмоционалдық күйіңізді жан-жақты түсінуге көмектеседі.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro  Emotional Wellbeing App
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro  Emotional Wellbeing App

Көңіл-күй
циферблат-индикаторы

Жануарлар бейнесі бар тақырыптық циферблатты пайдаланыңыз және оның сіздің эмоционалдық күйіңізге сәйкес өзгеруін бақылаңыз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro  Mood-Moving Watch Faces
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro  Mood-Moving Watch Faces

Эмоциялар трекері

Сондай-ақ күн, апта, ай немесе жыл бойы эмоцияларыңыздың үрдістерін көруге болады.21 Мұндай қпарат ақыл-ойыңызды, денеңізді және рухыңызды теңестіруге көмектесу үшін жаттығу жоспарын немесе ұйқы уақыты сияқты күнделікті режимді реттеуге көмектеседі.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro  Emotional Wellbeing Insights

Эмоционалдық күйді бақылау

Сіз күйзелістесіз бе немесе көңіл-күйіңіз жоқ па? Тыныс алу жаттығуларын орындау немесе жаттығуды бастау үшін сағат бетін солға сырғытыңыз және осылайша өзіңізбен үйлесімділікке қол жеткізіңіз.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro  Emotional Wellbeing Courses

Циклды бақылау

Пайдалануға оңай пішімде циклдің басталу күндері, овуляция және ұрықтылық терезелері туралы ақпаратты алыңыз. Күндер физиологиялық деректер мен терең машиналық оқыту алгоритмдері негізінде есептеледі.22

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Menstrual Cycle Tracking

Ұйқы мониторингі

Арнайы кәсіби жүйелер қаншалықты жақсы ұйықтайтыныңызды және сіздің денеңіздің қаншалықты тиімді қалпына келетінін түсінуге мүмкіндік береді және жеке есептелген диапазондарға негізделген жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, SpO2 деңгейі, орташа ЖЫТ мәні сияқты көрсеткіштерді бақылауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ұйқы апноэсы туралы хабарландырулар береді.22

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Sleep Health Monitoring

Денсаулық туралы бар ақпарат білегіңізде

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro-да алғаш рет пайда болған Health Insights қолданбасын келесі деңгейдегі салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар алу үшін қараңыз—стрессті басқару бойынша кеңестерден бастап ұйқыны жақсарту және жаттығуларды оңтайландыру бойынша ұсыныстарға дейін.

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Wrist-based Health Insights

Жаттығу ұзақтығы

10 минут

Кешегі күнмен салыстырғанда

Стресс

10

Кешегі күнмен салыстырғанда

Ұйқыны
бағалау

5

кешегі күнмен салыстырғанда
Күнделікті өмірге арналған ақылды функциялар

Ұзақ жұмыс істейтін батарея алаңдауға еш негіз жоқ

2-ші буын HUAWEI WATCH SuperCharge сымсыз зарядтау құрылғысымен небәрі 10 минут зарядтау арқылы батареяның күні бойы қызмет ету мерзіміне қол жеткізіңіз.4

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery and Charging
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery and Charging
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery and Charging

60 минут4

Толық зарядқа
дейін

10 күнге дейін3

Батареяның ең ұзақ
жұмыс істеу уақыты

7 күнге дейін3

Батареяның стандартты
жұмыс істеу уақыты

*Сағат циферблатын пайдаланған кезде батареяның қызмет ету мерзімі 4 күнге дейін. Оңтайлы зарядтау үшін құрылғымен бірге келген түпнұсқа зарядтау панелін пайдаланыңыз.
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery and Charging
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery and Charging
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Battery and Charging

Қайталанбас стиль

Жақындарыңызбен есте қалатын сәттердің фотосуреттеріне немесе сүйікті үй жануарларыңыздың күлкілі кадрларына негізделген стикерлермен өзіңіздің бірегей сағат циферблатын жасаңыз.

Дербес

Геометриялық

Эмодзи

Жануарлар

0 / 5
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Watch Faces Sticker
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Watch Faces Sticker
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Watch Faces Sticker
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Watch Faces Sticker

Жаңа циферблаттарды
қарсы алыңыз

Таңдауға болатын көптеген циферблаттар және стильдер мен мүмкіндіктерді Таңдауға болатын көптеген циферблаттар және стильдер мен мүмкіндіктерді23 теңшеу мүмкіндігі бар болғандықтан, эмоционалдық күйіңізді бақылайтын үй жануарларының суреті бар циферблат болсын, стильді мұхит немесе күн батқан сәтті бейнелейтін циферблат болсын немесе "Галерея" қосымшасындағы кескіні бар циферблат болсын, сізді, стиліңізді және көңіл-күйіңізді көрсететін біреуін әрқашан таба аласыз.24

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Watch Faces New
HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Watch Faces New

Әрдайым қолыңызда болатын
ақылды құралдар

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Voice Notepad

Дауыстық белгілер

Шұғыл бірдеңе жазу керек пе? Тек білегіңізді көтеріп, ойыңыздағыны айтыңыз, қалғанын HUAWEI WATCH FIT 4 Pro шешеді.25

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Quick Message Replies

Хабарламаларға
жылдам жауаптар

Дауысты мәтінге немесе эмодзи аудару функциясы арқылы хабарларға білегіңізден жылдам жауап беріңіз.25

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Bluetooth Calling

Bluetooth-қоңыраулар

Құрылғыларды Bluetooth арқылы қосыңыз және смартфонды шығармай-ақ сағат экранында бір рет түрту арқылы қоңырауларға жауап беріңіз.26

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Watch Screenshots

Сағат экранының скриншоты

Енді сағат экранының скриншотын түсіру үшін сағаттың үстіңгі және астыңғы түймелерін бір уақытта басып, достарыңызбен бөлісу үшін смартфонның "Галерея" қосымшасына өтуіңізге болады.27

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Remote Shutter

Түсіруді қашықтан
басқару

Түсірілімді білегіңізден басқару арқылы смартфонға тамаша селфи жасаңыз.28

Кең үйлесімділік

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro iOS және Android құрылғыларымен үйлесімді. Сіз әрдайым байланысты боласыз, физикалық көрсеткіштеріңізді бақылап, қандай құрылғыны пайдалансаңыз да, нақты уақыт режимінде хабарландыруларды ала аласыз.5

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Broadly Compatibility

Дербес стиль

HUAWEI WATCH FIT 4 Pro Straps
  1. Сағат экраны жасанды сапфир шыныдан, ал безель титаннан жасалған.
  2. ҚХР-дағы гольф алаңдарының картасы функциясы (Гонконг, Макао және Тайваньды қоспағанда) HUAWEI Денсаулық қосымшасында ҚХР-да т (Гонконг, Макао және Тайваньды қоспағанда) тіркелген есептік жазбаға кірген кезде ғана қолжетімді болады. Функцияның қолжетімділігі оның ресми іске қосылуына және нақты пайдалану шарттарына байланысты. Бұл мүмкіндікке еліңізде немесе аймағыңызда қолдау көрсетілетіні туралы мәліметтер алу үшін веб-парақшаға кіріңіз https://consumer.huawei.com/en/support/content/en-us16014632/.
  3. Деректер Huawei зертханасынан алынған. Нақты пайдалану ерекшеліктері нақты өнімге, пайдаланушы әдеттеріне және қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
    Батарея зарядталмай 10 күнге дейін, қалыпты пайдалануда 7 күнге дейін және сағат циферблаты қосулы болса 4 күнге дейін жұмыс істейді.
    Батареяның максималды қызмет ету мерзімі келесі жағдайларда тестілеу арқылы анықталады: әдепкі параметрлер, аптасына 30 минут Bluetooth қоңыраулары, аптасына 30 минут музыка ойнату, жүрек соғу жиілігін бақылау әрқашан қосулы, HUAWEI TruSleep™ ұйқы бақылауы түнде қосулы, аптасына 90 минут жаттығулар, хабарландырулар қосулы (50 хабарламалар, 6 қоңырау шалу және күніне 3 оятқыш), экранның күніне 200 рет қосылуы.
    Әдеттегі пайдалану кезінде батареяның қалыпты қызмет ету мерзімі келесі шарттарда тестілеу арқылы анықталады: әдепкі параметрлер, аптасына 30 минут Bluetooth қоңыраулары, аптасына 30 минут музыка ойнату, жүрек соғу жиілігін бақылау әрқашан қосулы, HUAWEI TruSleep™ функциясы түнде қосулы, стресс дейңгейін бақылау қосылған, жүрек соғу жиілігі толқыны және аритмия талдау функциясы қосылған, ұйқыдағы тыныс алуды бақылау функциясы қосылған, аптасына 180 минут жаттығу режимі, хабарландырулар қосылған (күніне 50 хабарлама, 6 қоңырау және күніне 3 оятқыш), экранның қосылған күйнде жалпы жұмыс істеу уақыты күніне 30 минут.
    Циферблаты қосылған құрылғының батареясының қызмет ету мерзімі келесі шарттарда тестілеу арқылы анықталады: әдепкі параметрлер, циферблат беті қосулы, аптасына 30 минут Bluetooth қоңыраулары, аптасына 30 минут музыка ойнату, жүрек соғу жиілігін бақылау әрқашан қосулы, HUAWEI TruSleep™ түнде қосулы, стресс дейңгейін бақылау қосылған, жүрек соғу жиілігі толқыны және аритмия талдау функциясы қосылған, ұйқыдағы тыныс алуды бақылау функциясы қосылған, аптасына 180 минут жаттығу режимі, хабарландырулар қосылған (күніне 50 хабарлама, 6 қоңырау және күніне 3 оятқыш), экранның қосылған күйнде жалпы жұмыс істеу уақыты күніне 30 минут.
  4. Оңтайлы зарядтау үшін құрылғымен бірге келген түпнұсқалық зарядтау панелін пайдаланыңыз. Деректер Huawei зертханасында қоршаған ауа температурасы 25℃ болған жағдайда алынды. Сынақ Huawei 9 В 2 A қуат адаптері және сағатпен бірге келетін жиынтықтағы HUAWEI SuperCharge сымсыз жылдам зарядтау құрылғысы арқылы жүргізілді. Батареяның нақты қызмет ету мерзімі мен зарядтау өнімділігі нақты құрылғыға, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін.
  5. HUAWEI Денсаулық қосымшасы орнатылған HarmonyOS 2 немесе одан жоғары, Android 8.0 немесе одан жоғары және iOS 13.0 немесе одан жоғары нұсқалары бар құрылғылармен түйіндестірілген кезде ғана қолдау көрсетіледі. Функцияның нақты қолжетімділігі смартфон моделіне және оның операциялық жүйесіне байланысты.
  6. Су өткізбейтін қасиеттері қысқа уақыт ішінде судың шашырауынан ғана қорғайды және толық су өткізбейтіндігін қамтамасыз етпейді. Су өткізбейтін қасиеттері тұрақты емес және қорғаныс сипаттамалары күнделікті пайдалану нәтижесінде нашарлауы мүмкін. Нақты әсер нақты жағдайға байланысты.
  7. 9,3 мм - сағат корпусының қалыңдығы (датчик аймағын қоспағанда). Деректер Huawei зертханасынан алынған. Нақты деректер конфигурацияға, өндіру процесіне және өлшеу әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін.
  8. 30,4 г — бұл баусыз сағаттың салмағы. Деректер Huawei зертханасынан алынған. Нақты деректер конфигурацияға, өндіру процесіне және өлшеу әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін.
  9. Экран жасанды сапфир әйнегінен жасалған.
  10. Ең жоғары жарықтық - 3000 нит. Деректер Huawei зертханасынан алынған. Экран жарықтығы сыртқы жарыққа және көрсетілетінконтентке байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
  11. Құрылғы дайвинг аксессуарларына арналған EN13319 стандартына сәйкес келеді және оны 40 метр тереңдікте фридайвинг режимінде пайдалануға болады. Сағатты таяз суда, мысалы, бассейндерде немесе жағаға жақын жерде жүзу кезінде пайдалануға болады. Мұндай жағдайларда құрылғыны пайдаланғаннан кейін оны дереу жуыңыз және құрғатыңыз, құрылғының беттері мен оның саңылауларынан су дақтарын кетіріңіз, құрылғының жұмысына теріс әсер етпеу үшін суды ағызу функциясын пайдаланыңыз.
    Құрылғы келесі жағдайларда пайдалануға жарамсыз (сұйықтыққа батыру салдарынан болған құрылғының зақымдалуы, егер киетін құрылғыны пайдалану кезінде пайдалану нұсқаулары бұзылса, кепілдік жөндеуге жатпайды): (1) Ыстық душта, ыстық су көздерінде, саунада немесе моншада, сондай-ақ жоғары температура және/немесе ылғалдылық жағдайында белсенділіктің басқа түрлері кезінде. (2) Душ гелі, сусабын, сабынды су, жуғыш заттар немесе кір жуғыш заттармен байланыста болған кезде. Құрылғы жоғарыда аталған сұйықтықтармен байланыста болса, оны 30 минут бойы ағынды сумен шайыңыз. 3) 40 метрден астам тереңдікке сүңгу, техникалық дайвинг немесе басқа да сүңгуір түрлері кезінде. (4) Нейлон баулар суда жүру кезінде (жүзу сияқты) немесе термен байланыста пайдалануға арналмаған. Мұндай жағдайларда баулардың басқа түрлерін тағу ұсынылады.
    Huawei тағып жүретін құрылғылардың су өткізбеушілігі туралы толығырақ ақпаратты веб-парақшадан қараңыз: https://consumer.huawei.com/en/support/content/en-us15851428/.
    Суға төзімділік сипаттамалары тұрақты емес және күнделікті қолданғанда нашарлауы мүмкін. Диагностика үшін құрылғыңызды уәкілетті Huawei қызмет көрсету орталығына жүйелі түрде апарып тұру ұсынылады.
  12. Сағат IEC 60529:2013 стандарты бойынша IP6X шаң өткізбеушілік деңгейіне сәйкес келеді.
  13. Гольф алаңдарының карталарын HUAWEI Денсаулық қосымшасынан жүктеп алуға болады
  14. Апноэ жаттығулары өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді және тәжірибелі жаттықтырушылар басшылығымен жүргізілуі керек. Жаттығуды құрғақ жерде жатқан немесе отырған күйде орындау ұсынылады. Суда жалғыз болған кезде тыныс алу жаттығуларын орындамаңыз. Қауіпсіздік мақсатында жаттығулар сіздің ерекшеліктеріңіз бен қажеттіліктеріңізді ескере отырып жоспарлануы керек. Апноэ сынағы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Апноэ сынамасын құрғақ жерде жатқан күйде жүргізу ұсынылады. Су астында жүргізілген апноэ сынақтары өмір мен денсаулық үшін өте қауіпті және таяз суда естен тану, яғни гипоксиядан туындаған сананың уақытша жоғалуына әкелуі мүмкін. Апноэ сынағы тәжірибелі нұсқаушының бақылауымен жүргізілуі керек. Құрылғыны пайдалану кезінде жаттығу немесе апноэ сынағы кезінде туындауы мүмкін кез келген күтпеген жағдайларға компания жауапты емес. Құрылғы медициналық мақсатта қолдануға арналмаған.
  15. Кескіндер бойынша навигациялау функциясын пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: бақылау нүктелері бар импортталған маршрутты телефоныңыздағы HUAWEI Денсаулық қосымшасына жүктеп алыңыз, деректерді киілетін құрылғымен синхрондаңыз, сағатыңыздағы Жаттығулар қосымшасын ашыңыз, кросс жүгіру жаттығуларының параметрлері экранын ашыңыз, Маршрут бөлімін таңдап, қажетті бағытты табыңыз, содан кейін жаттығуды бастаңыз. Нақты пайдалану ерекшеліктері нақты өнімге, пайдаланушы әдеттеріне және қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
  16. Сағат стандартты Bluetooth протоколын қолдайтын қуат өлшегішіне қосыла алады, бірақ белгілі бір екі жақты қуат өлшегіштеріне емес.
  17. Тамақтану рационын жазу функциясы тек HUAWEI Денсаулық қосымшасын пайдаланған кезде және белгілі бір нарықтарда ғана қолжетімді. Тағамдар кітапханасы мүмкіндігіне тек белгілі бір нарықтарда қолдау көрсетіледі.
  18. Қолданба медициналық мақсатта қолдануға арналмаған. Барлық деректер мен өлшеу нәтижелері тек анықтама үшін берілген және медициналық диагностика немесе емдеу үшін негіз ретінде пайдаланылмауы керек. Құрылғыны қолданар алдында нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
  19. Құрылғы медициналық мақсатта қолдануға арналмаған. Сондықтан мониторинг деректері мен ұсыныстары тек анықтамалық мақсат болып табылады және олар медициналық диагноз немесе емдеу үшін негіз ретінде пайдаланылмауы керек. Бұл функцияға тек кейбір елдер мен аймақтарда қолдау көрсетіледі.
  20. Құрылғы медициналық мақсатта қолдануға арналмаған. Сондықтан мониторинг деректері мен ұсыныстары тек анықтамалық мақсат болып табылады және олар медициналық диагностика немесе емдеу үшін негіз ретінде пайдаланылмауы керек. Бұл деректер белгілі бір сценарийлерде, мысалы, ұйқы және жаттығу кезінде қол жетімді емес. Бұл функцияға тек кейбір елдер мен аймақтарда қолдау көрсетіледі.
  21. Эмоциялық өзгерістер тенденцияларының деректері HUAWEI Денсаулық қосымшасында қолжетімді. Бұл мүмкіндік HUAWEI Денсаулық қосымшасының соңғы нұсқасы бар 64 биттік (32 бит емес) Android негізінде немесе iPhone құрылғысына қосылған кезде ғана қолжетімді.
  22. Құрылғы медициналық мақсатта қолдануға арналмаған. Сондықтан мониторинг деректері мен ұсыныстары тек анықтамалық мақсат болып табылады және олар медициналық диагностика немесе емдеу үшін негіз ретінде пайдаланылмауы керек.
  23. Тек кейбір сағат беттері теңшеуді қолдайды, қолжетімді опциялар дизайнға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
  24. Қосымша циферблаттар, соның ішінде ақылы сағат циферблаттарын Циферблаттар дүкенінен жүктеп алуға болады.
  25. Бұл функция онлайн жаңартудан кейін ғана қолжетімді.
  26. Bluetooth қоңырауы смарт сағат HUAWEI Денсаулық қосымшасы арқылы смартфонға қосылғанда ғана қолжетімді.
  27. Скриншот түсіру функциясына сағат HUAWEI Денсаулық қосымшасы арқылы смартфонға қосылғанда ғана қолдау көрсетіледі. Скриншоттың ажыратымдылығы сағат экранының ажыратымдылығымен бірдей болады.
  28. Қашықтан түсіру сағат EMUI 8.1/iOS 13.0 және одан жоғары нұсқасы бар смартфонға қосылған кезде ғана қолжетімді.
Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Қайту Жалғастыру