HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic

Для получения наилучшего пользовательского опыта, пожалуйста, загрузите последнюю версию Internet Explorer или откройте страницу в другом браузере.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Key Vision
HUAWEI WATCH GT 3 Pro
Жоғары сапалы материалдар, премиумдық дизайн  
"ЭКГ" функциясы1 | Батареяның ұзақ қызмет ету мерзімі2
Смарт сағаттарды жасау кезінде озық технологиялар қолданылады, ал корпус керамикадан жасалған. Құрылғының талғампаз дизайны айналағылардың назарын аударады.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Key ID

Сіздің стильді
аксессуарыңыз

HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic ID Creative Shot
Ақ қардай керамикадан жасалған смарт сағаттың корпусы көздің жауын алады. 1500°C температурада шынықтыру және алмаз ұнтағымен жылтырату корпустың мінсіз тегіс құрылымы мен ашық ақ түсін қамтамасыз етеді, ал ауа өткізгіш бауы білекте әрең сезіледі.

Бірегей стиль

Нанокристалды керамика мен
сапфир шыныдан жасалған корпус3
Нанокристалды керамика мен сапфир шыныдан жасалған ақ корпусы бар смарт сағат кез келген кейіпке сәйкес келеді.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Ceramic Material
Тот баспайтын болаттан жасалған безель
Ақылды сағат жақтауының
құрылымы уақыт ағынымен шабыттанған және
толқындарға ұқсайды.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Stainless Steel Bezel
Артқы панель сапфир
шыныдан жасалған
Сапфир шыны3 жоғары өткізгіштігімен ерекшеленеді, бұл әртүрлі көрсеткіштерді жоғары дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді, ал керамикалық элементтер құрылғыны киген кезде жайлылықты қамтамасыз етеді.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic backcase

Классикалық дизайн

Ақылды сағат екі нұсқада ұсынылған: алтын безельмен және ақ керамикалық баумен, күміс безельмен және ақ былғары баумен4. Екі нұсқа да стильді және талғампаз көрінеді.

Циферблаттардың үлкен
таңдауы

Циферблаттардың кең топтамасынан стиліңізге сәйкес келетінін таңдаңыз. Күннің уақыты мен айдың фазасына байланысты өзгеретін бірегей "Күн мен түн" дизайнына назар аударыңыз. Құрылғы уақытты өшірулі экранда көрсетуді, Галереядағы кескінмен циферблатты орнатуды және басқа функцияларды қолдайды. HUAWEI циферблаттар дүкенінде алуан түрлі нұсқалардың үлкен топтамасы ұсынылған.5
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Daylight Dials
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Daylight Dials
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Daylight Dials
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Night Dials
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Night Dials
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Night Dials
Денсаулық
күйін
бақылау

Нақты уақыттағы тамыр соғуды
бақылау және хабарландыру

HUAWEI TruSeen™ 5.0+ тамыр соғу жиілігін бақылау технологиясы шеңбер бойымен орналасқан сегіз фото датчиктің арқасында сигналдың жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Инновациялық кедергілерді сүзу алгоритмі тамыр соғуды өлшеу дәлдігін арттырады. Ақылды сағат 24/7 тамыр соғу жиілігін үздіксіз бақылауды және нақты уақыт режимінде шектен тыс хабарландыруларды жіберуді қолдайды.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Health Heart Rate
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Health Heart Rate

Денсаулықтың маңызды
көрсеткіштерін қадағалау

HUAWEI TruSeen™ 5.0+6 технологиясы қандағы оттегі деңгейін (SpO2) өлшеуге мүмкіндік береді. HUAWEI WATCH GT3 Pro ақылды сағатымен бірге денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Health SPO2 Analysis

Ерекше күндерге
дайындалыңыз

Етеккір циклін7 қадағалаңыз және ақылды сағаттың көмегімен овуляция күнін анықтаңыз. HUAWEI WATCH GT 3 Pro сіздің жазбаларыңызға негізделген хабарламалар жібереді және ерекше күндерге дайындалуға көмектеседі.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Health ECG

Ұйқы фазалары мен уақытын бақылау

HUAWEI TruSleep™ 2.0

технологиясы ұйқының фазалары мен сапасын бақылауға мүмкіндік беріп, ғылыми ұсынымдар береді.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Sleeping Management

Стресс деңгейін анықтау функциясы8

ең күптігей сәттерде сабырлы болуға және тыныс алу жаттығулары арқылы босаңсуға көмектеседі.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Pressure Management

Healthy Living9

функциясын қолданыңыз және пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін

тапсырмаларды

орындаңыз (мысалы, ұйқы режимін, жеткілікті су ішуді және үнемі жаттығуды реттеңіз).
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Daily Goals
Тиімді
жаттығулар

Су асты әлемін зерттеңіз

HUAWEI WATCH GT 3 Pro IP68 стандартына және 5 АТМ су өткізбеушілік деңгейіне сәйкес келеді, олар 30 метр10 тереңдікке дейін 200 сүңгуге арналған.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Diving Creative Shot
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Watch
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Diving Data
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Diving Warning
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Diving Training
Сүңгу деректері экранда нақты уақыт режимінде көрсетіледі

(мысалы, сүңгу жылдамдығы, тереңдігі және ұзақтығы туралы ақпарат).

Құрылғы қауіпсіздік техникасы туралы хабарламаларды да көрсетеді

(мысалы, егер сіз тым тереңірек сүңгіп жатсаңыз немесе су астында тым ұзақ болсаңыз).

Тыныс алудағы іркіліс жаттығуларының режимі

Бұл режим сүңгу кезінде уақыт аралығын12 арттыруға көмектесетін тамыр соғу жиілігін, тыныс алудағы іркіліс ұзақтығын және диафрагманың жиырылуының басталу уақытын тіркеуге мүмкіндік береді.

Гольф чемпионы
болыңыз

Ақылды сағат свинг жылдамдығы мен қарқынын, сермеу мен гольф сырғытпа таяғымен сілтеу уақытын белгілейді. Драйвинг-рейндж режимінде зияткерлік алгоритм сіздің денеңіздің күйін талдайды және техникаңызды жетілдіру үшін гольф сырғытпа таяғын қалай дұрыс ұстау және пайдалану керектігі туралы нұсқаулар мен кеңестер береді.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Golf Training Mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Watch
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Golf Training Mode

100-ден астам жаттығу режимі

HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic 100+ sport mode
100-ден астам жаттығу режимін (мысалы, жүгіру, велосипедпен жүру, құзға өрмелеу, жүзу және т.б.) қолдайтын ақылды сағаттармен жаттығулар жасаңыз да, жаңа бағыттарды зерттеңіз. Жүгіру кезінде құрылғы жүгіру индексі мен жаттығу жүктемесін бекітеді, бұл сіздің ағзаңызды шамадан тыс жүктеместен спорттың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Жүгіруден ләззат алыңыз және достарыңызбен бағыттармен бөлісіңіз!
Одан да
пайдалы функцияларды
ашыңыз
Смарт сағат көмегімен фото түсірілімді басқарыңыз12
және білегіңізді тек бір рет түрту арқылы өміріңіздің маңызды сәттерін түсіріңіз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Camera
Үшінші тарап қосымшаларын13 сағаттарға арналған AppGallery қосымшалар дүкенінен жүктеңіз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic App Market
Ақылды сағат арқылы қоңырауларға жауап беріңіз Кіріс қоңырауларға жауап беріңіз немесе қабылдамаңыз, жылдам жауаптар жіберіңіз және қоңыраулар журналын қараңыз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic BT Calling
Сүйікті музыкаңыздан ләззат алыңыз. Композицияларды смартфонмен синхрондаңыз және смарт сағат көмегімен жаттығу кезінде музыканы ойнатуын басқарыңыз.14 Bluetooth құлаққаптарын киіп, сүйікті шығармаларыңызды тыңдаңыз.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Music
Ыңғайлы жұптастыру
HUAWEI WATCH GT 3 Pro сағаты HUAWEI құрылғыларымен, сондай-ақ iOS және Android15 платформасындағы басқа смартфондармен жұптастыруды қолдайды.
HUAWEI WATCH GT 3 Pro Ceramic Multi Devices Support
  1. Құрылғы медициналық мақсатта пайдалануға арналмаған. Нәтижелер анықтамалық болып табылады және диагноз қою үшін қолданыла алмайды. Құрылғы 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға және аритмиядан зардап шегетін адамдарға арналмаған. Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
  2. Деректер HUAWEI зертханасындағы сынақтар нәтижесінде алынған. Нақты деректер өнімге, пайдалану ерекшеліктеріне және қоршаған орта факторларына байланысты өзгеруі мүмкін.
  3. Корпустың артқы панелі жасанды сапфир шыныдан жасалған.
  4. Стандарттан тыс баулар бөлек сатылады.
  5. Циферблаттарды HUAWEI циферблаттар дүкенінен жүктеуге болады. Кейбір циферблаттар ақылы түрде орнатылуы мүмкін.
  6. SpO2 — бұл қандағы оттегімен қаныққан гемоглобиннің пайыздық мөлшері. Басқаша айтқанда, бұл қандағы оттегінің мөлшері. Бұл көрсеткіш сіз тыныштық күйінде болған кезде автоматты түрде өлшенеді. Құрылғы медициналық мақсатта пайдалануға арналмаған. Деректер мен өлшеу нәтижелері анықтама үшін берілген және оларды медициналық мақсатта пайдалануға болмайды.
  7. Құрылғы медициналық мақсатта пайдалануға арналмаған. Нәтижелер анықтамалық болып табылады және диагноз қою үшін қолданыла алмайды.
  8. Қысым сіз тыныштық күйінде болған кезде автоматты түрде өлшенеді. Қозғалыс кезінде қысымды өлшеуге қолдау көрсетілмейді. Құрылғы медициналық мақсатта пайдалануға арналмаған. Деректер мен өлшеу нәтижелері анықтама үшін берілген және оларды медициналық мақсатта пайдалануға болмайды.
  9. Healthy Living функциясын пайдалану үшін HUAWEI Денсаулық қосымшасын орнату қажет.
  10. Құрылғы IEC 60529:2013 стандартына сәйкес IP68 су мен шаңға өткізбеушілік деңгейіне және 5 АТМ суға төзімділік деңгейіне сәйкес келеді. 5 ATM суға төзімділігіне сәйкес келетін құрылғылар ISO 22810:2010 стандартына сәйкес 50 метр су өткізбеушілік деңгейіне ие. Сағатты таяздықта — бассейнде немесе теңізде жүзу кезінде пайдалануға болады. Құрылғы EN13319 стандартына сәйкес келеді және оны 30 м тереңдікке сүңгу кезінде қолдануға болады. Құрылғыны душта, ыстық бұлақтарда, саунада, ваннада, мұнарадан секіру кезінде, терең суға сүнгу кезінде және судың қысымы, температурасы мен ылғалдылығы жоғары, су ағындары жеткілікті жылдам болатын басқа жағдайларда пайдалану ұсынылмайды.30 м-ден астам тереңдікке сүңгу және дайвинг кезінде құрылғыны пайдалану ұсынылмайды. Теңіз суы түскеннен кейін құрылғыны тұщы сумен шайыңыз. Жүзу және қарқынды жаттығулар кезінде былғары және металл бауларды пайдалану ұсынылмайды. Мұндай жағдайларда басқа материалдан жасалған бауды пайдаланыңыз. Сағаттың су өткізбеушілігі туралы қосымша ақпарат алу үшін Huawei ресми веб-сайтына өтіңіз. Су өткізбеушілік сипаттамалары тұрақты болып табылмайды және күнделікті пайдалану кезінде нашарлауы мүмкін.
  11. Тыныс алудағы іркіліс жаттығуларын жату қалыбында немесе еденде отыру кезінде орындау ұсынылады. Тыныс алудағы іркіліс жаттығуларын суда жалғыз болған кезде орындамаңыз. Жаттығуды сақтықпен орындаңыз. Жаттығуды кәсіби маманның қатысуымен орындау ұсынылады. Тыныс алудағы іркіліс сынағын шалқасынан жатып орындау ұсынылады. Сынақты суда болған кезде жасамаңыз, себебі бұл таяз тереңдікте естен тануға әкелуі мүмкін. Сынақты кәсіби маманның қатысуымен орындау ұсынылады.
  12. Бұл функция тек EMUI 10.1 немесе одан жоғары HUAWEI смартфондарында және iOS ОЖ бар смартфондарда қол жетімді. Бұл функцияны iOS ОЖ бар құрылғыларда қолдау үшін онлайн жаңартуды орындау қажет.
  13. Үшінші тарап қосымшаларын HUAWEI Денсаулық қосымшасындағы сағаттарға арналған AppGallery-ден жүктеу керек. Бұл функция iOS ОЖ құрылғылары қолдамайды.
  14. IOS ОЖ құрылғыларынан музыканы импорттауға қолдау көрсетілмейді.
  15. Тек Денсаулық қосымшасы (HUAWEI Health) орнатылған ОЖ, Android 6.0 және одан жоғары, iOS 9.0 және одан жоғары смартфондарда қолдау көрсетіледі. Смарт сағаттың функциялары смартфон үлгісіне байланысты өзгеруі мүмкін.
Сіз consumer.huawei.com сайттың жергілікті нұсқасынан шығасыз
Сілтеме бойынша өтіп, сіз үшінші тарап веб-сайтына кіресіз. Huawei сайттың бұл нұсқасы үшін жауап бермейді.
Қайту Жалғастыру